» » Талай талантқа жол ашады

Талай талантқа жол ашады

Күні ертең мектеп та­бал­дырығын аттаған жеткін­шек орта білім саласындағы жаңар­тылған оқу бағдарламасын жан-тәнімен сезінуі тиіс. Жа­ңар­тылған мазмұнға көшу еліміз­дің білім ордаларында қазір жал­ғасын табу үстінде. Оның алғашқы қадамдары Алматы қала­сында жаңа оқу жылында бай­қалды да. Яғни, мектеп біті­ру­шілерге арналған өткен жыл­ғы сынақ жаңа тұрғыда – жаңа форматпен өтті. Бәрі тіпті біз күткеннен де күрде­лілеу болып шықты. Науқан ке­зінде салаға қатысты ең жауап­ты деген азаматтардың өзі уақыт тапшылығын көріп, қинал­ғандай болды, бірақ білім саласындағы жаңа бағыттың болашағы үшін барлығы бірдей жұдырықтай жұмылды. Дәл Алматыдағыдай қарбалас мезгіл еліміздің өзге де өңір­лерінде байқалды. Өйткені өза­ра байланыс арқылы біз елі­міз­дің түкпір-түкпірінде болып жақтан сынақ үстіндегі барлық жаңалықтардан хабардар болып тұрдық. 
Алдымен айтарым, Мем­ле­кет басшысының қолдауымен елімізде білім саласын реформалау ерте бастан-ақ жүріп келеді. Өткен жыл сындарлы бағ­дар­ламаның сын сағаты болды десем артық айтпас едім. Алғашқы қиындықтар тура­лы сол тұста баспасөз беттер­інде өз ойымды білдірдім де. Мә­селен, балалар мектеп қабыр­ғасында жүріп, жаттауға мейлінше дағдыланып алды. Осыған байланысты мектептегі сынақ пен ЖОО-дағы емтиханды байланыстыруға болмайды дегенді ұстаздар қауымы әуел бастан-ақ айтып жүрдік емес пе?! Заты 11-сыныпты бітір­генмен де балалардың ЖОО-ға деген қабілеті де әртүрлі жолмен қалыптасады. Ең алдымен бізде әлемдік тәжірибедегі секілді, бірінші сыныптан бастап балаларды бейімділігіне қарай жіктеу жоқ еді. Баланың аты – бала, тең көреміз, бірақ білім саласында олардың қабілетіне қарай бейімделуге міндетті емеспіз бе?! Олардың барлығына бірдей теңдей білім беру өмірлік тәжірибе көрсеткендей, мүмкін де емес. Сондықтан да баланың орта білімі жөніндегі аттестатты алу құқы өздеріңіз білетіндей, өткен жылдан бастап бала бі­лім алған мектептің өзінде қалды да, ЖОО-ға түсу әдеттегі ҰБТ-ға жүктелді. Осының өзі, яғни әуелде таңсық көрінген жаңа реформалық іс-әрекет көп­шілікті аздап болса да «абыр-сабырға» түсіргені де рас. Дегенмен менің өмірлік тәжі­рибем көрсеткендей, үстіміздегі жылдан бастап бұл жаңалық та өмірге дендеп енеді. Тіпті соңыра жаңалық саналмай қалады. Мектепте аттестат бер­ген мұғалімнің баланың ЖОО-ға түсуіне еш қатысы бол­мауы керек. Жоғары оқу орнын­да бала өз таңдауын өзі жа­сауы тиіс, өзі бұрын да солай емес пе еді? Өткен жыл­дың тағы бір ерекшелігі – үш пәнді міндетті, екі пәнді бейім­ді сала етіп белгілеп қою болатын. Жасыратыны жоқ, осы­ның өзі балаларға тосын қиындықтар туғызғаны рас. Бірін­ші сыныптағы жүрген жаңа жүйе 11-сыныпқа бір­ден енгізілді. Олар матема­ти­ка­лық сауаттылық және оқу сауаттылығы деп екіге жік­теледі. Былтырғы мектеп бі­ті­рушілерді мұғалімдер шамасы келгенше уақыттың тап­шы­лығына қарамастан тез дайындады, бұған бұрын дағды­ланбаған балалар үшін ол қиындық туғызды. Соған қара­мастан біздер, мұғалімдер, министрлікке мектеп пен ЖОО арасын кәсіби талаптарға сай бөлгеніне мың рахмет айтамыз. Себебі бүгін Президент Жолдауының әрбір тармағын оқи отырып, білім саласындағы басталған бұл реформаның өміршеңдігіне иланасың. 
Осы орайда өткен жылы бой көрсеткен тағы бір «әттеген-ай» туралы айтпаса және болмас. Бейімді пәндер туралы сөз қозғар болсақ, мәселен, олар екеу, талапкер олардың әр­қай­сысынан 20 балл жи­науы керек. Ол 20 баллды көп деп те айтуға болмайды, әрине, бі­рақ аз да емес. Баланың бұл жер­де еш жазығы жоқ. Білім және ғылым министрлігінен сынақ тақырыптарынан бас­тап, эссе жазуға байланыс­ты бағдарламалардың оқу жы­лы­ның аяқталуына екі ай қалғанда келуі де дұрыс емес. Миллион сұрақ болса да мектепке ерте бастан жетуі тиіс еді. Мұндай кем-кетіктер үстіміздегі жылы қайталанбайды деп ойлаймын. 
Өткен жылғы жаңа пішімдегі сынақ алудың жағымды жақтары бүгінгі Жолдау талаптарына сай жауап берді деп тағы да сеніммен айта аламын. Баланың аты – бала, өте білімді шәкірттің өзі ойламаған жерден сүрінеді, тәжірибеден көріп те, біліп те жүрміз. Құдайдың жай күнінде шатаспай жап-жақсы жауап беріп жүрген балалардың аяқ астынан жүйкесі сыр беріп қоятыны бар. Негізгі сыннан сүрінген бала кейін тамыз айында тура бастапқыдай сынақтан қайта өтті. Тамаша емес пе, тап­тыр­майтын жақсылық емес пе!? Бала мүмкіндігінің шектел­ме­гені осы.
Әйтсе де Жолдауда атап көр­се­тіл­ген­дей, «біздегі оқушылар­дың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ел­дері­не қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмен­дету керек» деген талаптарды шын жүрегіммен қостаймын.
Жолдауда көрсетілгендей, тәуелсіз Қазақстанның жет­кіншектері еліміздің бо­лашағы үшін қазақ, ағылшын, орыс тілін еркін меңгеруі керектігін де елі­міздің педагогтар армия­сы өте жақсы түсінеді. Ол үшін қаншама жаңа әдіс­те­мелер өмірге келді. Әрі өзінің лайық­ты жалғасын таба берері де сөзсіз. Бала­ларымыздың интернет же­лісін игерудегі шап­шаңдығы көңіл қуантады. 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу де бүгінгі білім беру саласындағы ең өзекті бағдарлама болып отыр. Озық білім беру мен құзы­реттілікке қол жеткізген бала ғана жоғары оқу орындарынан өзіне лайықты орын табады. Ол үшін педагогтарды оқыту мен олардың біліктілігін арттыру Жолдауда көрсетілгендей қайта қарауды талап етеді. Өте дұрыс. Елімізде талай талантқа сонда ғана жарқын жол ашылады. 
Бір сөзбен айтқанда, Мем­­ле­кет бас­шысының Жолдауында атап көрсетілген он міндет бір-бірімен үндесіп еліміздің бо­лашағы үшін тарихи өрлеуге бас­тай отырып, Қазақстанда бір­тұтас ұлт болуымыздың ал­ғышарты деп түсінемін.
Аягүл МИРАЗОВА,
Қазақстанның Еңбек Ері
12 қаңтар 2018 ж. 1 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 213

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 322

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930