» » Арал һәм адам: Айдын арнасында қашан тулайды

Арал һәм адам: Айдын арнасында қашан тулайды

Адамзат баласы жер бетінде қауымдасып өмір сүргелі бері табиғатпен біте қайнасып келеді. Сарғайған тарих парақтарын ақтарсақ, талай империя құрып, державалар қалыптастырып, жер жүзінде дүбірлі кезеңдерді өткізді. Табиғатпен бірлесе өмір сүріп, игілігін пайдаланып, осы күнге жетті. Дей тұрғанмен ХХ ғасырда табиғатқа экологиялық апат алып келу басталды. Әпсана тарихты тағы сөйлетсек, Арал теңізі осы уақытқа дейін бірнеше рет тартылды деген дәйек бар. Теңіздің ұлтаны осыншалықты құрғап, аңқасы кеуіп, алып айдын кішкентай көлшікке айналды. Осылайша ғасыр апаты басталды.
Қазір жер бетіндегі алып мемлекеттер осы Арал тағдырына алаңдаулы. Өйткені теңіздің табаны кепкеннен кейін адамзатқа, табиғатқа үлкен зардабын тигізіп отыр. Сарапшылар ендігі уақытта Арал теңізін толықтай қалпына келтіру мүмкін емесін айтып, өткір экологиялық дағдарыстың қырғын әсерін қысқартуды мәселе етіп көтеруде. Орталық Азия елдерінің басшылары өздерінің мүмкіндігіне қарай теңізді және оның маңын құтқаруға жәрдемін тигізуге тырысып келеді. Енді Еуразия кіндігіндегі Аралды қалпына келтіруге АҚШта мүдделі.
Жақында аймағымызға Еуропалық Одаққа мүше мемлекет елшілері мен Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері табан тіреді. Мәртебелі меймандар «Қызылорда облысының инвестициялық әлеуеті» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр еліне іссапармен келген елшілік өкілдеріне алғысын айтып, осы сапардың нәтижесі екі жақты әріптестікті жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.
– Еуропалық Одақ мемлекеттері мен Қазақстан арасындағы ашық әрі сенімді дипломатиялық қарымқатынас тәуелсіздік алған кезеңнен бастап орнады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» форматындағы кездесуде «Еуропалық Одақ – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі. Біздің сыртқы саудамыздың 40 пайыздан астамы осы ұйымның үлесіне тиесілі. Былтыр Қазақстанның ЕуроОдақ елдерімен өзара тауар айналымы 40 миллиард долларды құрады. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 миллиард долларға жеткізу үшін бізде барлық мүмкіндік бар» деп атап өткен болатын. Қазір жасалған игі істер – болашақ ұрпақ үшін баға жетпес мұраға айналады. Сапарларыңыз нәтижелі әрі табысты болады деп сенемін, – деді аймақ басшысы.
Елшілер Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарына Кіші Арал теңізін қалпына келтіру мәселесі бойынша арнайы сапарлады. Бұл қонақтар Арал теңізі және Кіші Арал теңізін климаттық, экологиялық жағынан қарап, оған қандай көмек көрсетуге болатынын білуге келіп отыр. Теңіздің қазіргі тағдырына тұтас әлем әлден алаңдаулы. Себебі табиғи құбылыстың салдары жыл өткен сайын климаттық апатқа алып келуі мүмкін. Бұдан елге келген елшілер де хабардар. Аңқасы кепкен теңіздің табанынан көтерілген тұз әлемге түрлі өзгерістер әкелуде. Мәселен, маңайындағы аймақтарда жазда күн күрт ысып, қыста қардың жатуы осыған себеп. Бұдан бөлек Солтүстік мұзды мұхиттағы алып мұз тауларының жылданжылға кішіреюіне осы теңіз тұзының әсері бар дейді ғалымдар. Бүгінде құм көшкіні мен шаңды дауылды тоқтатудың бірден-бір жолы – теңіз ұлтанына жергілікті климатқа сай өсімдік егу. Мемлекет басшысы Арал теңізінің құрғаған табанындағы 1,1 миллион гектарға 2025 жылға дейін климатқа сай өсімдіктер егуді тапсырған болатын. Осыған сай Халықаралық қорлардың демеушілігімен Арал теңізінің құрғаған алқаптарына сексеуіл егу жұмыстары жүргізілуде. 556,2 мың гектар аумаққа сексеуіл егу жұмыстары келер жылға дейін жалғасады.
Арал теңізінің тартылуы жаһандық проблема екенін ескерген Халықаралық Аралды құтқару қоры, Дүниежүзілік банктер, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы, АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі, Корея Орман қызметі сынды халықаралық ұйымдар Арал теңізін қалпына келтіру бойынша бірлескен жұмыстарды атқармақ. Теңіздің жағдайын жақсартуға жұдырықтай жұмылған ұтқыр шешім, Аралға тамшыдай болса да үлес қосады деген үміттеміз.
Ерсін ӘЛІБАЙ
22 сәуір 2024 ж. 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 277

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 373

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930