» » Бұл қиындыққа да төтеп береміз

Бұл қиындыққа да төтеп береміз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан орын алған күрделі жағдайға орай Үндеу жолдады. Үндеуді республикалық телеарна арқылы толық тыңдап шықтық.
«Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады. Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет» деді Мемлекет басшысы.
Осындай қиын жағдайда уақытпен санаспай көмек басында жүрген барлық құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғыс айтқым келеді. Біздер де, әрқайсысымыз осы елдің азаматы ретінде қолымыздан келгенше көмек көрсетейік. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, бірлесіп бұл қиындықты да жеңеміз!
Дильфура БАЙРАҚТАРОВА,
аудандық мәслихат депутаты
14 сәуір 2024 ж. 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 330
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031