» » Күш біріктіру қиындықтан алып шығады

Күш біріктіру қиындықтан алып шығады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан елімізде қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жариялады. Табиғи апат айтып келмейді. Су тасқыны еліміздің он аймағында төтенше жағдайға әкеп отыр. Қиын жағдайға душар болған халықты қиындықтан алып шығудың барлық мүмкіншіліктері қарастырылып жатыр.
Қандай болғанда да зардап шеккен халықты аман-есен құтқару міндеті тұр. Республикалық штаб құрылып, қажетті көмектер жасалуда. Бірде-бір адам ескерусіз қалмайтынын айта отырып, барлық құтқару жұмыстарын өз бақылауына алып отыр. Әрине қарғын судан қорғануда басшылық тарапынан кеткен олқылықтың салдары екенін де атап айтты. Алапат су тасқыны үлкен сабақ болып отыр. Жіберілген олқылықтардың орнын толтыру да оңай емес. Дегенмен осындайда бір бірін қиындықта қалдырмайтын халқымыздың дархан пейілі, алғаусыз көмегі қиындыққа душар болған жандарға күш беруде.
Мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстардың бәрі ақпарат құралдарында айтылып, көрсетіліп жатыр. Сондықтан елдің амандығы үшін жұмыла күш біріктірсе, бұл қиындық та өтеді. Алдағы уақытта да ел іргесі бүтін боп, еліміздің дамуы жолында аянбай бірлесе еңбек ете берейік. Халқымыз аман болсын.
Гүлжауһар Раева,
аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы
06 сәуір 2024 ж. 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 100
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 752

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031