» » "Бұл – соңғы 80 жылдағы ең ірі су тасқыны": Тоқаев апаттан зардап шеккендер назардан тыс қалмайтынын айтты

"Бұл – соңғы 80 жылдағы ең ірі су тасқыны": Тоқаев апаттан зардап шеккендер назардан тыс қалмайтынын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 6 cәуір 13:00-де халыққа үндеуінде биылғы су тасқыны соңғы 80 жылдағы ең ірі апат екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның айтуынша, мұндай ауқымды апат бұрын-соңды болмаған.
"Құрметті отандастар, сіздерге еріген қар суынан кейінгі су тасқынынан туындаған күрделі жағдайға байланысты хат жолдап отырмын. Бұрын-соңды болмаған табиғи апат орын алды. Бәкім, бұл – соңғы 80 жылдағы ең ірі апат шығар", – деді ол халыққа жолдауында.
Мемлекет басшысы еліміздің 10 облысында – Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті төтенше жағдай режимі енгізілгенін атап өтті.
Сөзінше, оның тапсырмасынан кейін  су тасқынының салдарын азайту жұмыстары күшейіп, тиісті шаралар қабылданды, премьер-министр басқаратын республикалық штаб құрылды. Енді қорғаныс министрлігі қосымша әскери бөлімдер жібереді.
“Үкімет басшысы да, оның орынбасарлары да, Төтенше жағдайлар министрі де зардап шеккен аймақтарды аралап жүр. Барлық жергілікті құтқару жұмыстары менің жеке бақылауымда. Жағдай қиын, бірақ үміт үзудің қажеті жоқ, бұл жағдайды түзетеміз. Ең бастысы – адам шығынының алдын алу”, – деді Тоқаев.
Ол су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын және барлық материалдық шығын өтелетінін атап өтті.
Сондай-ақ президент қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды
"БАҚ, пікір көшбасшылары мен блогерлерге – дүрбелеңнің таралуына ықпал ететін тексерілмеген ақпаратты таратпаңыздар, азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймын", - деді ол.
06 сәуір 2024 ж. 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930