» » Топтық төбелеске тұсау керек

Топтық төбелеске тұсау керек


Қазір қоғамда мінберден түспей жүрген мәселе көп. Соның өзектісі – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық. Ашығын айтқанда, топтық төбелес. Кезінде үлкендер арасында тыныш қана шешілетін кикілжіңнің бүгінде жұрнағы жастар арасында үлкен дауға айналып барады. Аймаққа бөлініп, топтасып төбелесетін жастардың ісі қылмыс дәрежесіне жетіп отыр.
Осыған орай Жосалы кенті әкімшілігінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу бағытында мәжіліс өтті. Оған арнайы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов жүргізіп, мәжілісте көтеріліп отырған мәселенің талқыланатынын жеткізді. Сондай-ақ алғашқы сөз кезегін Шамшидин Егенбердіұлына берді.
Құзырлы органның өкілі аймақта тыйылмай тұрған жастар арасындағы топтық төбелестің қоғамға кері әсерін тигізіп жатқанын, жаға жыртысудың арты қайғылы жағдайға дейін баратынын сөз етті. Осыған тосқауыл ретінде құқықбұзушылық профилактикасы бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттілігін көтерді.
Бүгінде бозбалалық қателіктің салдарынан қаншама жастың сал болып, қаншама ананың баласынан айырылып жатқанын көз көріп жүр. Бет көгеріп, жаға жыртылса бір жөн, бірақ кей төбелестің арты өлімге дейін баратыны жүректі қынжылтады. Бұрындары ер мінезді қалыптастыру үшін намысты қолдан бермей, керек кезде ғана қарсылық көрсетіп, бірге-бір шығып жеке шекісетін. Әрине, ол да мақтанарлық дүние емес. Қазір бұл төбелес аса қатыгездікке айналған. Бір адамды жабыла жұдырықтау ол жігіттікке жатпас. Тіпті ақтауға сай келмейді. Мұны түсінетін бұзақы топтар тым аз. Жалған намысты арқалаған жастардың жаппай төбелесті қалыпты жағдай санағаны, қылмыстың белең алуына да сеп болуы содан. Кейде үлкендерінің айдап салуымен топ мүшелері төбелесті бастап, бұзақы әрекеттерге барады.
Жиынға аудан прокуроры, ардагерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары және ата-аналар қатысып, ашық пікір алмасты. Мәселе төңірегінде ұсыныс-пікірлер тыңдалып, басшылық тарап көтерілген жайтты назарға алды.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
24 наурыз 2024 ж. 233 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 282

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 377

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930