» » Семинар-тренинг өткізілді

Семинар-тренинг өткізілді

Жастар денсаулығы орталығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті мамандарының қатысуымен Ақтөбе ауылындағы жүз тоғызыншы мектепте жоғары сынып оқушыларымен семинар-тренинг болып өтті.
Қазіргі таңдағы қоғамдағы жасөспірімдер арасындағы маңызды тақырыптар тілге тиек бола келіп, психикалық денсаулықты нығайту, зиянды әдеттердің алдын алу, қауіп-қатердің алдын алу, зорлық-зомбылық құрбандарының болмауының алдын-алу, отбасы құндылықтарын сақтап, құрметтеу, өз өміріне жауаптылықпен қарау жөнінде келелі әңгімелер өрбіді. Салауаттылықты арттыру жолдары және оған жасөспірімдердің қызығушылығын күшейту үшін пайдалы кеңестер айтылып, окушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Балаларға ата-ана мен жақындарының рөлі маңызды екені ескертілді. Оқушылардың көзқарасымен "Өздерінің жарық жұлдыздары" келбеті ойша суреттеліп,тренингтер жасалды. Логикалық ой жүйріктігіне, сергітуге арналған "Креативті жауап" ойындары мен жаттығулары жасалды, сұрақ-жауаптар болып, кері байланыстар орнады.
Зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстап,бойкүйездіктен арылып,уақытты пайдалы істер мен білімін арттыруға, өздерін жетілдіруге жұмсауға дағдылану - әрбір оқушының жеке тұлға боп қалыптасуының негізі екендігі түсіндірілді. АТМдар таратылды.
Кездесуге келушілердің болашақққа деген жауапкершіліктерін олардың ұйымшылдықпен, белсенді қатысып,ойларын ашық ортаға салуынан-ақ көруге болады.
Жан-жақты түрде қоғам болып жастар өмірінде оң өзгерістер жасауына ықпалымызды тигізсек, өмір гүлденіп,болашағымыз жарқырай түсеріне сенім мол!

21 ақпан 2024 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 255
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 796

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930