Ресми құжаттарға апостиль қою қызметі
Азаматтардың заңды заңды мүдделері, бостандықтары, және құқықтарымен байланысты көптеген мәселелерді шешу сот органдарының негізгі міндеті болып табылады.
Апостиль дегеніміз – бұл құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның қолын, оны растайтын мөр мен мөртаңбаны куәландыратын арнайы мөртаңба. Апостиль қоюшы адамдар-апостиль қою жөніндегі функциялар орындауға уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.
Апостиль қою рәсімінің мақсаты Гаага конвенциясына мүше-елдердің аумағында қолдануға арналған апостиленетін құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресімделуіне кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде көрсетіледі.
Апостиль қою туралы өтініш «Сот кабинеті» сервисіне түсіп, онда өтініштің электрондық үлгісін толтыру, мемлекеттік бажды төлеу, басқа құжаттарды бекіту бойынша функционал іске асырылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетiлгенi үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төленеді.
Б.Айжарықұлы,
Қармақшы аудандық сот әкімшісінің
Бас маман аға сот приставы