» » COVID-19 қайта күшейді: ДДСҰ вакцина алып, маска кию режиміне көшуге кеңес берді

COVID-19 қайта күшейді: ДДСҰ вакцина алып, маска кию режиміне көшуге кеңес берді


Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус әлемде COVID-19 ауруының қайтадан өршуіне байланысты бетперде режимі мен вакцина салуды жалғастыру керегін айтты, деп хабарлайды "РБК" сайты.

Оның айтуынша, екі аптадан бері коронавирус пен тұмаудың таралуы айтарлықтай өскен және бұл үрдіс жалғасады деп күтіледі.

ДДСҰ басшысы COVID-19-ды емдеу аурудың күрделі өтуі мен өлімге әкелудің алдын-алатынын еске салып, тестілеуден өтуге және медициналық көмекке жүгінуге шақырды. Сол себепті маска тағып, қашықтықты сақтау маңызды екенін атап өтті. Короновирус пен тұмауға қарсы вакцинаны салдыруға кеңес берді.

Гебрейесус билік өкілдері сенімді сараптамалық сынақтардың, емдеу мен вакциналардың қол жетімді болуын қамтамасыз етуін, сондай-ақ аурудың өсуін бақылап, халыққа дұрыс ақпарат жеткізуге шақырды.

Айта кетейік, 2023 жылдың желтоқсан айында ДДҰ әлемде COVID-19 ауруы 28 күнде 52%-ға өскенін хабарлады. Жалпы 850 мыңнан астам адам коронавируспен ауырған. Ең көп жаңа жағдайлар Ресейде тіркелген. Оның жалпы саны 279,4 мың науқас. ДДҰ мәліметтері бойынша, елде сырқаттанушылық 130% - ға өскен.

2023 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Санкт-Петербургте жаппай жаңа жылдық, спорттық және мәдени іс-шараларды өткізу кезінде мекеме қызметкерлері үшін маска кию режимі енгізілді. Бұған дейін Мәскеудің Роспотребнадзор басқармасы ел астанасының тұрғындарын инфекцияның алдын алу үшін қоғамдық орындарда бетперде киюге шақырған.
08 қаңтар 2024 ж. 585 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 230

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930