» » Пиротехникалық құрал ойын емес

Пиротехникалық құрал ойын емес

Алдымызда жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Жаңа жыл мерекесі жақындаған кезде жасыл шырша да өз орнын табады. Жаңа жылды өрт сияқты оқиғалармен көңілге кірбің түсірмей, жақсы өткізу үшін жаңа жылдық іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттілігі туралы естеріңізге саламыз.
Шыршаны орнатқанда оның бөлмеден шығуға кедергі келтірмей орналасуын қадағалау қажет. Шыршаны жылу беру батареясының жанына орналастырған қауіпті.
Мереке аяқталған соң шыршаны үйде ұзақ ұстаудың қажеті жоқ. Синтетикалық материалдардан дайындалатын жасанды шыршалардың өрт шығу қаупі бар және олар жанған кезде денсаулыққа қауіпті улы заттар бөлінеді.
Жаңа жылдың бенгал алауы мен әртүрлі мерекелік от шашуларсыз өтпейтіні белгілі. Жаңа жылды тойлау қарсаңында әртүрлі өрт шығу қаупі бар пиротехникалық құралдар қолданылады, олардың салдарынан өрттің шығуы, адамдардың жарақат алуы және мертігуі әбден мүмкін.
Мұндай заттарды сатып алғанда бірнеше қағиданы естеріңізде ұстаған жөн.
Пиротехниканың барлық түрі тек далада пайдалануға арналған.
– Отшашулар мен пиротехникаларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау, пиротехникалық өнімдерді қалтада сақтауға болмайды.
– Отшашуға арналған орынды таңдап алыңыз. Мұның кең ашық алаң болғаны дұрыс. Мысалы, ағаштар мен құрылысы жоқ аула, бақ немесе алаң.
– Таңдап алынған жерді мұқият қарап шығу керек, жанында өрт шығу қаупі бар объектілер, автомашина тұрақтары, ағаш қоралар немесе гараждар 100 метр радиуста болуы тиіс.
– Отшашу кезінде айналасында түскен жапырақтар мен қылқандар, қураған шөп болмауы қажет, өйткені бұлар кенет ұшқын түскен болса, өртенуі мүмкін.
– Көрермендердің қайда болатынын алдын ала ойластырыңыздар. Оларға жақсы көрінуін және қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек, бұл үшін оларды жел соқпайтын жақтан отшашу алаңынан 3550 метр қашықтықта оларға жел арқылы түтін мен бұйымдардың жанбаған бөліктері ұшпайтындай етіп орналастыру қажет.
– Егер сіздің аулаңыз шағын әрі тар болатын болса, онда петарда, шартылдақ сияқты жерге жағылатын түрлерін ғана пайдалану қажет, мұндай жерде жоғары қарай ұшатын отшашу түрлерін тіпті қолдануға болмайды. Оларды тұрғын үйлер мен құрылыстардың қасында мүлде пайдалануға болмайды: олар терезеге немесе шатырға өтіп, өрттің себебіне айналуы мүмкін. Ең дұрысы үйден тыс жерге барып пайдаланған жөн.
Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
27 желтоқсан 2023 ж. 419 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031