» » Эссе байқауы

Эссе байқауы

qarmaqshy-tany.kz Биыл киелі Қармақшы ауданының негізі қаланғанына – 95 жыл. Түбі бір түркінің ортақ тұлғасы Қорқыт баба жатқан жер, адамзат алғаш аспанға аттанған Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан Қармақшы барша Қазақстанның мақтан тұтар мекені. Мерейтойға орай аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде аудандық мəдениет жəне спорт бөлімінің қолдауымен «Туған өлкем – Қармақшым» атты эссе-байқауы өтті.

Оған Ш.Уәлиханов атын дағы No26 мектептің 8 сынып оқушылары мен Т.Көмекбаев атындағы No250 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушылары қатысты. Берілген уақытқа, тақырып қа орай жазылған эсселерді аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Күлшара Қаниева, ардагер-ұстаз Райкүл Қаратаева, облыстық тілдерді оқыту орталығының аудандағы оқытушысы Гүлжанат Дүзенова сараптап, төрелік етті.
– Оқырмандардың туған жер тақырыбына жазылған эсселерімен толықтай танысып, талдап шықтық. Нәтижесінде қуанған да, «әттеген-ай» дейтін де сәттер кездесті. Сөйлем құрауда ауызекі тілдегідей жазылған жайттар да болды. Десе де, қаламды қару еткен жас оқырмандардың талабына сәттілік тілейміз. Біз мұндай шығармашылық байқаулардың жиі өткізіліп тұрғанын құптар едік, – деді облыстық тілдерді оқыту орталығының аудандағы оқытушысы Гүлжанат Өмірқызы.
Сайыс нәтижесі бойынша бас жүлдені Жанерке Әуезханова жеңіп алса, І орынды Анель Орынбай иеленді. Жүлделі ІІ орын Еркеназ Жақсылыққа бұйырса, ІІІ орынды Дильназ Нұржанова қанжығасына байлады. Байқау жеңімпаздары аудандық мәдениет және спорт бөлімінің дипломы және алғыс хаттармен марапатталды.
«Қт» ақпарат
10 желтоқсан 2023 ж. 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930