» » ЖАНҰЯ БАҚЫТЫ – ЗӘБІРСІЗ ӨМІР СҮРУ

ЖАНҰЯ БАҚЫТЫ – ЗӘБІРСІЗ ӨМІР СҮРУ

qarmaqshy-tany.kz Ақжар ауылдық кітапханасының және ауылдық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» әлеуметтік акциясы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні – 25 қарашада басталатын және 10 желтоқсан – Адам құқықтары күніне дейін жалғасатын акция аясында «Жанұя бақыты – зорлық-зомбылықсыз өмір сүру» атты кеш өтті.
Мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күресу. Онда Ақжар ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Рая Жөнейтова тәрбиенің отбасынан басталатынын айтса, Қармақшы АПб-нің ЖПКб-нің УПИ, полиция майоры Жеңіс Ұзақбаев заң баптарына кеңінен тоқталды.
Әлеуметтік медбике Гүлмира Каукенова, Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клуб үйі директоры Роза Кенжеғұлова, «Рүстембек жырау» үйірмесінің жетекшісі Балтабай Бедебаев, No7 «Шаттық» балабақшасының тәрбиешісі Айнұр Асқарбаева және қатысушы оқырмандар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Балтабай Бедебаев қоғамда түрлі жағдайлар орын алып жатқандықтан бұл акцияны жыл көлемінде өткізілсе де артық емес деген өз ұсынысын айтты.
Ақмарал ӘМІРАЛИЕВА
09 желтоқсан 2023 ж. 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 863
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930