» » Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі

Микро және шағын бизнес өкілдері үшін тағы да жеңілдік. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі еңгізілді. Яғни басқа арнаулы салық режимдерімен салыстырғанда бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің қолдану тәртібі ерекше:
– салық кезеңі үшін қызметшілердің орташа тізімдік саны 200 адамға дейін;
– күнтізбелік жылдағы табысы айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшеріне дейін (2023 жылы – 2 млрд 70 млн теңге);
– Құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес.
– осы режимді қолдану мақсаттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің тек қана біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыратын салық төлеушілер.
– Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша салық салу мөлшерлемесі – 4 %.
– Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде оларға байланысты шығыстар бойынша шегерімдер электрондық нысандағы шот-фактура немесе деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегі не тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының сәйкестендіру нөмірі қамтылған арнаулы мобильді қосымшаның чегі болған жағдайда жүргізіледі. Қолданатын салық төлеушілерге тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістер бойынша – 8 %.
Бұл ретте жергілікті мәслихат шешімімен бөлшек салық ставкасының мөлшерін 50%-ға, яғни 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуге құқығы бар.
Бүгінгі күні облыс бойынша жергілікті мәслихаттың шешімімен ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 2%-ға төмендетілді. Республиканың тек 3-4 өңірде ғана аталған жеңілдіктер берілген. Бұл әрине бизнес өкілдері үшін өте қолайлы.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларациялар салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей тапсырылады.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
30 қараша 2023 ж. 423 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031