» » «Инвестор халыққа тигізер шапағатын ойлауы керек»

«Инвестор халыққа тигізер шапағатын ойлауы керек»

qarmaqshy-tany.kz ЖАҚЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ІІІ ИНТЕРНАЦИОНАЛ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖИЫН ӨТТІ. ОҒАН АУДАН ӘКІМІ ЖАНДОС ЕРКІНБЕКҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Серік Салауатұлы өңірдегі барлық ауылдық округтердің жай-күйі аймақ басшысының тұрақты бақылауында екенін айтып, ауыл инвесторларына ең бірінші ауыл тұрғындарының бірлігін қамтамасыз ету маңызды екендігін жеткізді. Сондай-ақ аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес шаруаларды халықпен санаса отырып жұмыс жасауды, елге оң көзқарас танытып, әділ әрі барынша ашық жұмыс жасауға шақырды.
– Өздеріңізге белгілі ел ішінде жер мәселесіне қатысты түсініспеушіліктер туындап, екі инвестор арасында сұрақтар көтерілген-ді. Бүгінде аймақ басшысының тапсырмасымен қос тарап мәмілеге келіп, мәселенің түйіні шешілді. Қазір елдегі жағдайды білесіздер, жыл өткен сайын су тапшылығы орын алып, күрішке су жеткізу қиындап жатыр. Сол үшін ауызбіршілікте болып жұмыс істеуіміз қажет. Биыл егініміз жаман болған жоқ, жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Осының бәрі жұмысты ширата білген шаруалар мен дала еңбеккерлерінің арқасы. Әрі қарай да осылай бірлікте, ынтымақта болуымыз керек. Шаруалар халыққа қарасып, ең бастысы әділдікті ұстануы қажет, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Кездесуде «Достық Жер МК» ЖШС директоры Бекир Набиев 2019-2021 жылы ауыл инвесторы болған Мұрат Сәрсенбаевқа ел игілігі үшін еткен еңбегіне алғыс білдіріп, қазақы дәстүрмен шапан жауып, ат мінгізіп құрмет көрсетті. Өз кезегінде Мұрат Абайұлы да ауыл халқына ризашылығын білдірді.
Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлау Мұхтаров пен ауыл ақсақалы Рамиз Даврушов ауылдағы 11 ұлт өкілінің атынан алғаусыз тілектерін білдіріп, ағалық алғыстарын айтты.
Аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы жиынды қорытындылап, «Елге келген инвестор ең бірінші өз пайдасын емес, халыққа тигізер шапағатын ойлауы керек. Ауыл тұрғындары бірлігі бекем, тату болып бір бағытқа қарағанда ғана елдің ертеңіне сенуге болады. Сан ұлтқа ұя болған ауылдың ырысы молайып, берекесі артсын» деп лебізін білдірді.
«Қт» ақпарат
29 қараша 2023 ж. 232 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 003

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930