» » Әлеуметтік сала қызметкерлері құрмет төрінде

Әлеуметтік сала қызметкерлері құрмет төрінде

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аясында сала мамандарын қабылдап, мерекелерімен құттықтады.
Жандос Еркінбекұлы өз сөзінде: «Әлеуметтік қорғау жүйесі — үлкен жауапкершілік, кәсіби біліктілікпен қатар адами қасиеттерді талап ететін сала. Зейнеткерлерге, жан жылуын, адамзат мейірімін күтетін қамкөңіл жандарға әрдайым көмек қолын созатын еңбектеріңіздің арқасында тіршілік тынысы тарылып, өмірлік қиын жағдайға душар болған азаматтар қажетті қолдау алып, еңсесін тіктеуде. Оларға болашаққа деген үміт сыйлап, өз міндеттеріңізді жауапкершілікпен орындап жүрсіздер. Айналасынан жәрдем күткен азаматтардың қиындығын бөлісіп, бірге еңсеруге аянбай еңбек етіп жүрген Сіздердің әрбіріңіз құрметке лайықтысыздар!» деп өзінің жүрекжарды лебізін білдірді.
Қабылдау барысында аудан басшысы ауданның дамуы мен салаға еңбегі сіңген бірқатар мамандарға «Қармақшы ауданының құрылғанына 95 жыл» мерекелік медалі мен облыс, аудан әкімінің марапаттарын табыстады.
Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз сөйлеп, сала мамандарының қоғамдағы рөлін атап өтіп, әлеуметтік қызметкерлердің қызметіне мұқтаж жандарға көрсетіліп жатқан мейірімі мен қолдаулары үшін разылығын білдірді.
31 қазан 2023 ж. 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930