» » Қазақ тілі - рухани қазына

Қазақ тілі - рухани қазына

qarmaqshy-tany.kz Қазақ тілінің құдіреттілігі туралы Халел Досмұхаммедұлы : «Тіл жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды. Мәдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші. Тілінен айырылған жұрт –жойылған жұрт», -деп керемет айтқан. Шындығында, тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық ісқағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені, Өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатын енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Салауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл –әр ұлттың қайталанбас байлығы, асыл қазынасы. Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де бар. Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың тілін бүкіл әлемге танытып, тіл арқылы басқа да салт-дәстүрді, әдет – ғұрыптарды, тарихты, мәдениетті үйренеміз. Осыған орай, ана тіліміз – дана тілімізді өркендетуге әр азамат өзіндік үлесін қосса, ол ұлттың қамқоршысы, жаршысы, қорғаны болары сөзсіз. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық.
Наят Мади,
Қармақшы аудандық соты әкімшісінің
жетекші маманы


18 қазан 2023 ж. 650 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10425)

01 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 162
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031