» » Есірткіге қарсы күрес толастамайды

Есірткіге қарсы күрес толастамайды

qarmaqshy-tany.kz Аудан прокуратурасының бастамасымен «Есірткісіз аймақ» жобасының іс-шарасын орындау бағытында уәкілетті орган өкілдерінен құралған жұмысшы топпен аудан аумағындағы жерлерді арнайы құралдарды пайдалану арқылы аралау жұмыстары нәтижесінде құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірудің бес фактісі анықталып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабымен қылмыстық істер тіркелген. Аталған қылмыстық құқықбұзушылық үшін ҚР ҚК-нің 300-бабында үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Осы баппен тіркелген істердің 3-еуі айыптау актісімен сотқа жолданып, 2-еуі бойынша соттың айыптау үкімі шығарылған (1 іс қаралуда).
Атап айтқанда, Қармақшы ауданының тұрғыны «Ө» есімді азамат өзінің тұрғылықты үйінің ауласында орналасқан сарай ішіне 2 түп және мал қора ішіне 2 түп құрамында есірткі заты бар өсіруге тыйым салынған сора өсімдігін егіп өсірген.
Тергеп-тексеру нәтижесімен аталған қылмыстық іс сотқа жолданып, сот отырысында айыпталушы «Ө» есімді азамат өзінің іс әрекетін толық мойындап, шын ниеттен өкінетінін көрсеткен.
Сот процесіне қатысқан мемлекеттік айыптаушы қылмыстық іс бойынша «Ө» есімді азаматты кінәлі деп танып, айыпталушыны төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрап, аудандық соттың үкімімен айыпталушы төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.
Жоғарыда атап өткендей есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар үшін қатаң жаза көзделген.
Құқық қорғау органдарымен бұл бағыттағы белсенді жұмыстар ұдайы жалғасатын болады.
Құрметті аудан тұрғындары, сіздерді келешек ұрпағымыздың өмірі мен болашағына бейжай қарамай, қоғамды улайтын ауыр қылмыстардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырамыз. Ол үшін есірткі қылмыстары туралы кезкелген ақпаратты «Есірткісіз аймақ» жобасы аясында қоғамдық орындарда ілінген QR код арқылы прокуратураның «Telegram» каналына жолдауды немесе құқық қорғау органдарына хабарласуды сұраймыз.
Н.ШАЙМАХАН,
Қармақшы аудандық прокуратурасының прокуроры

28 қыркүйек 2023 ж. 721 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 378
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 152

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930