» » Тұрғындар қауіпсіздігі – кезек күттірмейтін мәселе

Тұрғындар қауіпсіздігі – кезек күттірмейтін мәселе

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы Иіркөл ауылына сапарын аудандық маңызы бар автомобиль жолының Балажарма каналындағы су өткелінің қазіргі жағдайымен танысудан бастады.
Тозығы жеткен, қалпына келтіру жұмыстарын талап етіп тұрған канал ауыл халқы үшін өте маңызды. Тез арада өткелді қалпына келтіру жұмыстарын бастаңыздар, себебі бұл канал кезек күттірмейтін мәселе. Біз үшін тұрғындардың өмір қауіпсіздігі бірінші орында, – деген ол сала басшыларына шұғыл тапсырмалар берді.
Мұнан соң аудан басшысы ауылдағы негізгі әлеуметтік нысан саналатын фельдшерлік акушерлік пункттің жай-күйін көріп, №107 мектеп пен «Самал» бөбекжай-бақшасының жаңа оқу жылына дайындық барысын тексерді. Білім ордасының ішіндегі қауіпсіздікті бақылау камераларының жұмысын жіті қадағалауды мектеп басшылығына міндеттеді.
Сапар соңында Жандос Еркінбекұлы Иіркөл ауылы мен Жосалы кенті аралығындағы магистральді су құбырының қайта жаңғырту жұмыстары бойынша жоба-сметалық құжаттарын қарап шығып, сала бойынша орынбасары Жұлдызхан Байназарұлына тиісті тапсырмалар жүктеп, бақылауға алуды тапсырды.
26 тамыз 2023 ж. 589 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 799

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930