» » Балаға көмек – болашаққа жасалған қамқорлық

Балаға көмек – болашаққа жасалған қамқорлық

qarmaqshy-tany.kz Өткен жұмада Жосалы кенті орталығындағы "Адина" сауда үйі алдында республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында жәрмеңке ұйымдастырылды. Оған кент тұрғындары мен ардагерлер, халық қалаулылары, жастар қатысты.
Онда аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы сөз сөйлеп, жәрмеңкенің басты мақсатын атап өтті.
– Санаулы күндерде балаларымыз мектепке барып, білім алуын жалғастырады. Сол себепті барлық бала назарсыз қалмай, толыққанды жаңа оқу жылына дайын болуы керек. Соған сай, республикада "Мектепке жол" акциясы жүргізілуде. Соның бір көрінісі – ауданымызда да өтуде. Кәсіпкерлер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мәслихат депутаттары, белсенді азаматтар көмек қолын созуда. Нақты айтар болсақ, "AMANAT" партиясы аудандық филиалы 25 балаға, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Байқоңыр өңірлік филиалы №4 дербес сервис орталығы 20 балаға, мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындар 100-ден аса балаға демеушілік жасады. Одан бөлек, жалпы бүгінгі күні жаңа оқу жылы қарсаңында 4000- га жуық оқушыға көмек көрсетіліп отыр. Оның ішінде 2000-нан астам балаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, қалғанына ауданымыздың елжанды азаматтарының арқасында жүзеге асуда. Мемлекетіміз үшін аса маңызды саналатын білім саласы қызметкерлерін келе жатқан оқу жылымен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа оқу жылы ауданымызға табысты жыл болғай, – деді аудан басшысы жылы лебізін білдіріп.

Жәрмеңкеде бірқатар мектеп оқушысына оқу құралдары салынған сөмкелер тапсырылса, осы іс-шарада "Адина" сауда орталығының директоры Нағима Тоқсанбаева және Қызылорда қаласынан арнайы келген кәсіпкерлердің мектеп формалары, басқа да қажеттіліктер 10 пайыз төмен бағада кент тұрғындарына ұсынылды.
– Мектепке баратын күн де алыс емес. Балаларымыз қатарынан қалмай, жаңадан киінгісі келеді. Төмен пайызда киім-кешектер сатып алдым. Ол да болса жәрдем. Көмек көрсетіп жатқан барша азаматқа айтар алғысымыз шексіз. Бұл көпбалалы аналар үшін үлкен қолдау, – дейді кент тұрғыны.
С.АҚКІСІ
23 тамыз 2023 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 586

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30