» » Білім бәсекесіндегі бәсіміз қалай?

Білім бәсекесіндегі бәсіміз қалай?

qarmaqshy-tany.kz Жайдары жаз да бітуге таяп, оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Газетіміздің өткен санында оқу жылына қызу әзірлікпен кірісетін жайттың бір шетін қозғап едік. Ол мектеп формасы мен қажетті оқу құралының құнына арналды. Ал бүгін жаңа оқу жылындағы өзгерістер, сабақтың сапасы мен өзге мәселелер жайына арналмақ.

Жақында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлердің жаңа оқу жылына дайындығы талқыланған еді. Премьер-Министр оқу жылы басталғанға дейін елімізде 52 жаңа мектеп ашу жоспарланып отырғанын атап өтті. Алайда 15 мектеп уақытылы ашылмай қалуы мүмкін екенін де ескертті. Үкімет басшысының айтуынша, 180 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, бірақ мұнда да жұмыстардың уақытында аяқталмай қалу қаупі бар дейді.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ТЕГІН ТАМАҚТАНАДЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қыркүйектің 1-інен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаеваның айтуынша, республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңге болды, ал ең жоғары баға Алматы қаласында – 800 теңгені құрайды.
– Өткен оқу жылдарында 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6 пайыз болды. Бұл – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Осылайша, жаңа оқу жылынан бастап 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізілетін болады, – деді басқарма басшысы.
Бүгінде министрлік мектептегі тамақтану сапасын арттыру мәселесін пысықтап жатыр.
БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментінің хабарлауынша, мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өсті. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы 30 пайызға өседі. Осылай, еліміздегі 97 мыңнан астам педагогтың жалақысы 2,5 есеге артады.
«Мемлекет басшысының қолдауының арқасында жүзеге асырылатын педагогтардың жалақысын жыл сайын арттыру оң нәтиже берді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында оларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыты мен мамандығы бойынша кадрлар даярлау 39 жоғары оқу орны мен 119 колледжде жүзеге асырылады. Колледждер өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдармен бірге «Педагог» кәсіби стандарты негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейді және оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңартады. Педколледждерге қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралып, биыл мектепке дейінгі білім берудің 20 мыңнан астам педагогі біліктілікті арттыру курсынан өтеді.
АУДАННЫҢ ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАЛАЙ?
Бүгінде аудан бойынша 30 жалпы білім беретін мектеп, кешкі мектеп, әуез мектебі және 42 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Биылғы оқу жылындағы ерекшелік — №284 мамандандырылған мектеп-интернаты ашылуы. Жаңа оқу жылында 15464 оқушы мектеп партасына отырады деп күтілуде. Оларға 2208 педагог дәріс береді.
Қазіргі таңда, бірінші сыныпқа келетін 1451 болжамды баланың 1435-і (98,9 пайыз) құжаты қабылданды. Оның 1382-сі электронды, 53-і қағаз түрінде өтініш берген. Ал оқулықпен қамтылуға келсек, осы оқу жылында аудан бойынша оқулықтар мен оқу әдістемелік құрал сатып алуға 148 559,0 мың теңге қаржы бөлінді. Мамыр айында 9 837 079 теңгеге 3 450 дана көркем әдебиет алынып, мектептерге таратылды. Оқулықтар бойынша 1-11 сыныптарға барлық білім беру ұйымынан келіп түскен сұраныстарына сәйкес 24 613 дана оқулық пен 13 987 дана көркем әдебиет кітаптары келеді деп күтілуде. Оқулықтар 25 тамызға дейін жеткізілмек.
Ал «Мектепке жол» акциясы барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға оқу құралдарын, киімдерін беру жұмыстары жүргізілуде.
Иә, оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған балалар мен олардың атаанасының көңілі де алаңдаулы. Қалай болғанда да жаңа оқу жылы жарқын жетістіктерге толы болады деген сенімдеміз.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
21 тамыз 2023 ж. 501 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 311

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 410

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930