Төбелес неге тоқтамайды?
qarmaqshy-tany.kz Түн мезгілі. Ауаны қақ жарған айқай. Жан ұшыра шыңғырған дауыстар, әуелеп ұшқан кесек тас, лаулаған факель, жүйкеңді дыз еткізер шыңыл. Шартпа-шұрт жаңғырған темір таяқтар. Беттерін көлегейлеген бозбала. Бірін-бірі қуалаған жасөспірім. Не деген өшпенділік! Қайдан келген қаныпезерлік! Жүрек қалайша осылай қараяды!
Фото
Бұл - сіз бен біз ойлап отырған кинодағы көрініс немесе сахнадағы әртістердің қойылымы емес. Бұл – кәдуілгі біздің жерімізде жастар мен жасөспірімдердің «район-районға» бөлініп, солардың жуырда ғана топтық төбелестегі қақтығысқан сәтін видеобаянға түсіріліп алынған таспадан үзінді. Бір айтары – ешкім зардап шекпеген, нақтысы – ауруханаға денсаулығына шағым айтып ешкім бармаған. Бірақ осындай бұзақылықта талай жас қыршынынан қиылып, талай үйдің үміт оты сөнді емес пе? Одан әлі күнге сабақ ала алмай келеміз, өте өкінішті.
Осы жағдайға байланысты сейсенбіде К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудандағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында мәжіліс өтті. Оған құқық қорғау органдарының басшылары, білім саласының қызметкерлері мен ата-аналар, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
– Бүгінгі мәжілісте аудандағы жастар арасындағы құқық бұзушылық және топтық төбелестің алдын алу мәселесі қаралатын болады. Мемлекет – үлкен отбасы. Ал отбасы сіз бен біздің тәрбиелеп отырған үйдегі үкілі үмітіміз бен болашақ тізгін ұстар азаматтарымыздан құралады. Бүгінгі күнмен алып қарасақ, аудандағы топтық төбелестің жиі орын алуы – қоғамдық ахуалға кері әсерін тигізуде. Келіспес жаудай бірін-бірі сабаған жасөспірімге тоқтау айтудың орнына әрқайсысы өзінше атау алып, өзара иерархияларын нақтылап, айтаққа салып арандатушы жастарымыздың әрекеттерінің салдарынан қаншама қайғылы жағдай орын алуда, – деп бастады өз сөзін мәжілісте аудан басшысы.
– Бұл мәселеде жауапты тек білім ұйымдары мен полиция қызметіне ысырып қоюға болмайды. Құрметті ата-аналар! Балам – үйде, қылығы – түзде дегендей, бейтараптық таныту үлкен өкінішке әкелері анық. Сол себепті, әрбір ата-ана бала алдындағы жауапкершілігін сезініп, баланың қоғамдық ортадағы өз орнын табуына ықпал етіп, жазғы демалысын, әсіресе кешкі уақыттағы жүріс-тұрысын қатаң бақылауға алған болса, кешегі кент орталығында болған оқиғалар орын алмас еді. Статистикаға жүгінсек, был тырғы жылмен салыстырғанда кәмелет жасына толмағандармен жасалған қылмыстар 400 пайызға өссе, кәмелет жасқа толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар саны 200 пайызға көбейген. Бұл өсім кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық профилактикасының әлі де өз деңгейінде жүргізілмегендігімен қатар, аудандағы жастар мәселесінің ақсап тұрғанын көрсетеді. Осы ретте спорттық-мәдени іс-шараларға жастарды кеңінен тарту, танымдық пікір алмасу алаңдарын ашу, мектептегі тәрбие сағатының жұмысын жүйелеу, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану мен әлеуметтік жайкүйлерін үнемі бақылауда ұстау үшін кешенді жұмыстарды үйлестіруде жауапкершіліктен жалтармайық. Сонда ғана жастардың өмірі мен болашағына бағыт сілтей аламыз, – деді Жандос Еркінбекұлы.
Келелі кеңесте аудандық полиция бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы Ақылбек Әмірбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиевалар
Басқосуда болған жағдайға байланысты атааналар да өз ойларын бүгіп қалмады. Оладың қатарында сөз алған атаана Рахман Бекқадамов жастар мен жасөспірімдер арасындағы бұзақылықтың тыйылмай тұрғаны жақсылық емес екенін айта келіп, «Баламызға сырттан досқатары келетін болса, ауылдарына қайтқанша уайымдап боламыз. Көшеге шығармауға, кеш мезгілінде жүргізбеуге тырысамыз. Бұл не болды? Туған жеріңде емінеркін жүре алмау деген не масқара?» деді. Кент тұрғыны топтық төбелесті ұйымдастыруға ықпал ететін «лидерлердің» болатынын және олармен түсіндірме жұмыстарын күшейту керек екенін алға тартты.
Мәжілісте сөз сөйлеген ардагер Әбдірахман Құлдүйсенов те бала тәрбиесіне алаңдайтынын жеткізді. Бірде есігінің алдында орындыққа жайғасқан бастауыш сыныптың оқушыларына «Қай баласыңдар, неғып отырсыңдар?» деп сұраса, балалардың қолдан құйғандай «Бұл садовойдың жері» деп жауап бергеніне таңданғанын жасырмады. Тәрбие – қайда жатыр?!
Басқосуда сөз сөйлеген атаананың бірі – Қаламқас Пірманова. Көпбалалы ана балаларының тағдырына бейжай қарай алмайтынын, құқық саласы жұмысын бұрынғыдан да жандандыра түссе екен деген аналық тілектестігін тұспалдады. Ішкі істер органы саласының ардагері Есет Назарқұловта қатысушыларға өз ойын білдіріп, бүгінде полиция қызметінде штаттың аз қаралғанын, әлі де патрульдік көліктердің жетімсіздігін тілге тиек етіп, кенттегі бейнекамераларды бақылау жұмысын полиция бөліміне беруге ұсыныс жасады. Сонымен қоса, аналар атынан сөз сөйлеген Шария Сандықбаева атааналарды бала тәрбиесінде жауапкершілікті болуға, немқұрайлы қарамауға үндеді.
– «Көп жүрген жолығады үзбентайға» дегендей, ұлқызымызды, немеремізді үнемі бақылауда ұстап, түн мезгілінде көшеге жібермейік. Қайда барады, қайдан келді? Соның бәрін сұрапбілу отыру – әрбір атаананың міндеті. Ертеңгі күні бар жемісіміз, шығар биігіміз – сол баланың тәрбиесімен өлшенеді. Жақсы азамат болып өссе, білімді болса, еңбек етсе – біздер үшін одан асқан бақ бар ма?, – деді ол аналық жүрекпен.
Жастардың бос уақытын ұтымды пайдалану, қоғамдық ортадан өз орнын алу, өмірге қалыптасуына орай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжановтар да заңдық, адамгершілік тұрғысынан ұсынақты ойларын ортаға салды.
Қазақта ертеден келе жатқан «Балаң жаман болса, түйе үстінен ит қабады» деген мақал бар. Сол аталарымыз айтқандай, балаң жақсы болса сүйеніш, жаман болса күйік. Көптің көкейінде бір ғана сауал – ол осы төбелес дегенге тоқтамның қашан болатыны. Тіпті ардагер ұстаздардан мектеп арасында балалар төбелесе бергесін, алдын ала келісім бойынша олардың лидерлерін бір сыныпқа кіргізіп, «Ал енді төбелесіңдер. Кім жеңсе, сол жеңімпаз. Бірақ елдің бүкіл баласын мына жаман іске араластырмаңдар» депте лажсыз амалдарға барғанын естідік.
Болған іс болды. Қазір соған орай, құқық қорғау органдары жастарға зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Аныққанығы анықтала жатар. Бірақ бірбірін дос көретін шақта, жастарымыздың дұшпан көріп жатқанының орнын немен толтырар екенбіз?!
Жас адамның тұлабойы қашан да күшқуатқа толы. Болашағы алда. Арманы көп. Осы бір Алланың сый етіп берген жастық ғұмырын дұрыс пайдаланбай, табанынан тайғанақтап кеткеннің алда көрер зияны шаш етектен. Жастықтың, балалықтың буымен кеткен қателік – талай арманыңыз бен мақсатыңызға балта шабуы әбден мүмкін. Неге десеңіз, айтайық. Біз заманауи қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Барлық адамның кіндігі бір жүйеге байланған. Аты-жөніңізді айтсаңыз, бүкіл өмір тарихыңыз бен қандай дүниемүлікке иесіз, не істеп қойдыңыз, қашан істедіңіз деген сыңайлы барлық ақпарат бір демдеақ ғаламтордан атып шығады. Білместікпен от басып, құқық бұзуға барған жас жеткіншек ертең өсіп азамат болмайды ма? Сонда сіз жұмысқа орналаспайсыз ба, кәсіп ашпайсыз ба, өмірден жақсы орныңызды іздемейсіз бе? Ал сондай сәтте құжат базасына дақ түсер болса, ол ешқашан жойылмайды. Оның қорқыныштысы да сонда – ол сіздің өмір бойы алдыңыздан шығып отырады.
Ал аудан әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістің түйіні – әр саланың басшылары, қызметкерлері өздеріне тиісті жұмыстарын атқарар, бірақ негізгі фокус – атаанада, яғни әрбір атаана өз баласына ие болуы керек. Ұрпағыңыздың амандығы мен арманмақсатының орындалғанын қаласаңыз – кешкі мезгілде балаңызды бей берекет көшеде жүргізбеңіз!
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК