» » Тәртіп жайы талқыланды

Тәртіп жайы талқыланды

qarmaqshy-tany.kz Өмір – бір орында тұрмайды. Ұрпақ алмасады, бір толқынды келесі толқын алмастырады. Сол секілді бүгінгі жас – ертеңгі елдің тұтқасы. Сондықтан олардың тәртіп мәселесі қашанда өзекті. Бақылауды күшейтпесек, босаңсытудың пайда әкелмейтіні белгілі. Рас, елімізде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар тыйылмай тұр. Бұл туралы желіде жиі талқыланып жатады. Аяусыз жаға жыртысқан жастардың төбелесіне қашан тоқтау болады?

Сәрсенбіде аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары бірінші кезекте комиссия құрамына аудандық мәслихат шешімімен өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңа комиссия құрамымен таныстырды. Мұнан соң күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес «2023 жылдың 6 айында кәмелетке толмағандармен оларға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары туралы» аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің аға инспекторы Гүлмира Исмайлованың, «Отбасы тұрмыстық қарымқатынастағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында қабылданған және қабылданатын шаралар тура­лы» аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айнұр Қасымованың баяндамалары тыңдалды.

Отырыс соңында комиссия төрағасы жақында ғана Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында орын алған жастар арасындағы топтық төбелесті тілге тиек етіп, мектеп оқушылары мен жастар арасындағы топтық төбелестердің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту үшін тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасап, түрлі форматтағы спорттық, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруды міндеттеді.
А.САҒЫНТАЙ
24 шілде 2023 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 382
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930