» » Жедел ішек инфекциясынан сақтанайық

Жедел ішек инфекциясынан сақтанайық

Жаз маусымында адамдардың аңсары ауатын қауын-қарбыздың дәмінде шүбә жоқ. Алайда осы аталған өнімдерден жедел ішек инфекциясымен ауырып жатқандарды да естиміз. Осы жайында Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова толық ақпарат берiп өткен болатын.

– Жаз маусымы басталысымен жедел ішек инфекциясы ауруларының тіркелу көрсеткіші басқа кезеңдерге қарағанда арта бастайды. Оған себеп – ыстық ауа райында тамақ өнімдерінің тез бұзылуы, мерзімінен ерте піскен жеміс-жидектерді мөлшерден тыс қолдану болып табылады.

Әдетте қарбыздар маусым айында сауда сөрелерінде сатыла бастайды. Бұл уақытта өнімдер анағұрлым қауіпті, яғни нитратпен улану деңгейі жоғары. Бұдан бөлек, гербицид, пестицидтердің мөлшерден тыс болуы да денсаулыққа кері әсер етеді.

Қарбызды мөлшерінен көп жеуге де болмайды. Ересек адамдар үшін бір күндік норма 500 грамм болса, 4-6 жастан асқан балаларға 150 грамм, ал 2 жасқа толмаған бөбектерге мүлдем қарбыз беруге болмайды.

Сонымен қатар, жеміс-жидектерді, қауын-қарбызды сақтау және жеткізу ережесінің бұзылуы да өнімнен ауырып қалуға себеп болады. Айта кетейін, ерте піскен жеміс-жидектер мен қауын-қарбыздардан денсаулыққа зиян келмес үшін сақтық шараларына салғырт қарамауды, ауру белшілері байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгіну керек, - деді Динара Олжабайқызы.
14 шілде 2023 ж. 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 253
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031