Күйзеліс жағдайында психологиялық көмек көрсету
qarmaqshy-tany.kz Кейбір жағдайларда адам күйзеліске тап болады. Күйзеліс жағдайынан тыс қалуға кепілдік бермейді. Сонымен қатар да күйзеліс өмірдің бір жағымсыз жағдайы деп айтуға болады. Күйзеліске қарсы тұра білетін адам, күйзеліс жағдайында оған төтеп бере алады және оны жеңуге тырысады. Әр адамның күйзеліске реакциясы әрқалай болады. Біреуі көп сөйлеп, тез қимылдайды. Басқалары баяу жүріп, үнсіз болып қалады. Сондықтан күйзеліс процесі әр адамда арқалай өтеді деп айтуға болады. Сондай-ақ кейбір келеңсіз жағдайларды женіп шығу қиын. Осындай күйзеліс жағдайында не көмектеседі? Қандай психологиялық көмек көрсетуге болады?
Мысалы, ағымдағы жылдың маусым айында Жосалы кентінің тұрғыны «З.Х.» есімді азаматша ұялы телефон арқылы өзінің күйзеліс жағдайына түсуіне байланысты психологиялық көмек көрсетуін сұрады. Осы бойынша аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова психолог мамандығының иегері Сымбат Абдрахмановамен кездесу ұйымдастырды.
Психолог маманы әйелдердің күйзеліске тусу себептерін түсіндірді. Өмірдің сан түрлі соқпағындағы келеңсіздіктер мен сынақтар көңілге қаяу салады. 30 жастағы күйзелістің басты себебі – ішкі сезімдер мен шындықтың сәйкес келмеуінен деп түсіндіреді. Кейде күйзеліске гармондар, шаршауды кінәлайтыны белгілі. Алайда шыңдық ішкі дүниенің тереңінде болып жатқан арпалыстан шығатыны айқын. Күйзелістің тағы бір себебі, бұл жаста әйелдердің әлеуметтік рөлі өзгереді. Күйзелісті қолдан жасайтындар да бар. Қандай жағдай болмасын бұдан шығатын жолды әйел заты өзі табуы тиіс.
Өмірде қандай өзгерістер болса да, әйел адам өзіне міндетті түрде уақыт бөлуі тиіс. Әйел затының көңіл-күйі мен өзгерістері ер-азаматтың да назарынан тыс қалмағаны жөн. Жарының жанын түсіну арқылы жоғарыдағы келеңсіздіктен келіншектерді құтқаруға болады. Отбасы бірлігі мен тыныштығы, берекесі мен тыныштығы, берекесі мен жылулығын сақтайтын аяулы жанның күйзеліске түспеуіне ер-азаматтардың да үлесі бар. Кездесуге келген азаматша психолог маманына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Егер де Сізге психологиялық тұрғыдан консультативтік көмек қажет болған жағдайда бөлімнің ЖПҚб-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторына хабарласып, көмегіне жүгіне аласыз.
Қармақшы ауданы Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы