Шомылу маусымы: қауіп жоқ деме...
Жаз – демалыс маусымы. Дәл осы уақытта балалар мектепті бітіреді, ата-аналар еңбек демалысына шығады. Бұл – бойды да, ойды да жазып, сергитін шақ. Қалағаныңызша қыдыруға, жеміс-жидек пен көкөністі тояттап жеуге, күнге қыздырынуға болады. Ал суға түсу жайлы әңгіме тіптен бөлек. Жаз басталса көкжиектен күн шыға салысымен өзен-көлді жағалап, салқын суға шомылуды жөн көреміз. Өзімізді жайлы сезіну үшін шомылып тұру керек-ақ. Десе де, қауіпсіздікті сақтамаудың кесірінен көп адам судың құрбанына айналуда.
Қазгидрометтің болжауынша, биылғы жаз жылдағыдан ыстық болады деп күтілуде. Сәйкесінше ыстықтан қорғанып, суға түсушілердің саны артады. Олардың арасында балалар да бар. Қазір демалыс кезі. Осы уақытта балалар да бақылаусыз қалып жатады. Әлбетте, баланың аты – бала. Ол алдымен ата-анасына сенеді. Бірақ, баланың сенімін ақтайтын үлкендердің өзі де су айдындарында шомылу ережелерін сақтамай қайғылы жағдайға ұрынады. Иә, қайсыбірі болсын Қызылорданың 40ºС-тан жоғары ауа-райында салқындап шомылуды қалайтыны анық қой. Ересек те, балалар да демалысын қызықты өткізу үшін суға түскенді жақсы көреді. Алайда шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережесі мен алғашқы көрсетілетін көмек жайлы бәрі біле бермейді.
Сандар сөйлесін
Елімізде суға кетіп қайтыс болу дерегі жиілеп тұр. Оқыс оқиғаға тап болғандар бойынша соңғы жылдағы мәліметтерге зер салайықшы. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2021 жылы – 424 адам, оның ішінде – 131 бала болса, 2022 жылы – 242 адам, оның ішінде 77 кәмелет жасына толмағандар суға батып қайтыс болған.
Жыл басынан бері республиканың су айдындарында 64 адам, оның 21-і кәмелетке толмағандардың өлім жағдайы тіркелген. 1 маусымнан бергі кезеңді қарайтын болсақ 37 адам, оның ішінде 15 бала суға батып кеткен. Жалпы суға батқандардың олардың орташа жасы 32-ні құраса, балалардың орташа жасы 14-ті құрайды.
Қазіргі таңда Қазақстан бойынша суға батқандардың ең көп фактісі Ақтөбе, Ақмола, Алматы және Павлодар облыстарында тіркелген. Өңіріміз Сырдария өзенінің жағасында орналасқандықтан бұл қауіп бізді айналып өтпейді. Айта кетейік, суға түсуге қатысты ережені бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Өткен жылы 2167 хаттама толтырылып, 174 адам құтқарылып алынса, биыл қазіргі уақытқа дейін 1030 хаттама толтырылып, 63 адам құтқарылған екен.
«Су – тіршілік көзі болғанымен, әрі тілсіз жау» екенін қаперден шығарып аламыз кей тұста. Оқыс оқиғалардың дені адамдардың салғырттығынан, тыйым салынған қауіпті аймақта шомылуы мен ішімдік ішіп масаң күйде суға түсуі кездерінде орын алып жатады. Сондай-ақ ата-ана балаларын қараусыз қалдыруы әсерінен туындаған жағдай да анықталып отыр.
Суға кету санының көбеюінің себебі неде? Еліміздің кез келген өңірінде шомылуға рұқсат етілмеген су қоймалары, үлкенді-кішілі өзен-көлдер бар. Бірақ мұны тұрғындардың көбі ескере бермейді. Сондықтан, өз бетінше суға шомылуын жалғастырады.
Аудандағы ахуал
Жыл сайын суға түсу маусымы басталғаннан бастап өкінішке орай өлім жағдайлары тіркеледі. Құтқарушылар үнемі суда жүзу ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертсе де, ескертуге құлақ түретіндер сирек.
Мамандар жағадан алыс жүзбеу, ескерту белгілерінен әрі өтпеу, арнайы белгіленген жерлерде ғана шомылу, балаларға сақ болу, суда алысып, күресіп ойнамау секілді қарапайым ескертпелерді жасағанымен, суға кетіп жатқан жандардың саны азаяр емес. Айталық ауданымызда соңғы 3 жылдағы мәліметтерге сүйенер болсақ, 2021 жылы 4 оқиға тіркелген. Оның ішінде 1-еуі ересек, 3-еуі бала. Ал өткен жылы 4 оқиға тіркеліп, оның ішінде 3-еуі ересек, 1-еуі бала қайтыс болған. Ал биыл жыл басынан бері (5 айда) судағы оқыс оқиға салдарынан 4 адамның өлім жағдайы орын алған. Оның ішінде 3-еуі ересек, 1-еуі бала.
– Біздің мақсатымыз – жаз мезгілінде су айдындарындағы адам өлімінің алдын алу. Осы мақсатта аудандық төтенше жағдайлар бөліміполиция қызметкерлерімен бірлескен күнделікті үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгінде кент, елді мекендерге 31 тақтайша, 14 билборд орнатылды, 5 мақала, дауысзорайтқыш 44 рет, әлеуметтік желілерде 34 ақпарат таратылды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық №10 ӨСБ мен Байқоңыр қаласы №8 ӨСБ және Полиция қызметкерлері су айдындарында рейд жұмыстарын күнделікті жүргізіп келеміз. Рейд барысында демалушылар мен балықшыларға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндіріліп, жадынамалар таратылуда. Рейд нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 364 бабы 1 бөлігі бойынша хаттама толтырылып, 7 адам ескерту алды. Бұл бағыт бойынша жұмыстар әлі де жалғасын табады. Сонымен қатар, Жосалы вокзалында дауысзорайтқыш арқылы халыққа судағы қауіпсіздік шаралары туралы хабарландырылуда. Рейдтік жұмыстар нәтижесінде тыйым салынған су айдындарында және сол су айдынында мас күйде шомылған азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптарына сәйкес әкімшілік шара көрілетіндігін ескерткіміз келеді, – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Еркін Назарқұлов.
Жауапсыздық жарға жығады
Суға кетушілер санының көбеюінің себебі неде? Қазір еліміздің түкпір-түкпіріндегі шомылуға арналған демалыс орындарының бәрі жұмыстарын бастады. Жаз мезгілінде мұндай демалыс орындарында және өзен-көлдердің жағасында уақыт өткізген жақсы. Жағажайда демалып қана қоймай, денсаулықты да нығайтуға мүмкіндік бар. Суға шомылу, күннің көзіне қыздырыну адамды сергек қалыпта сақтайды және жұмыс қабілетін арттырады. Әрине, апаттың айтып келмейтіні белгілі. Судан қорғау қызметі үлкеннің де, кішінің де суға түсу кезінде аса сақ болу керектігін ескертеді. Алайда тұрғындардың көпшілігі суға түсу мерзімінің жариялануын күтпестен-ақ көңіл көтеруге асығады. Судың да адам өміріне тигізетін қауіп-қатері бар екенін жұрттың бәрі білгенмен, одан келетін апатты екінің бірі ескере бермейді.
Қазақ кез келген дүниені «жазмышқа» балайды. Тағдыры солай деп, қандай жағдай болмасын өз-өзін жұбатуға тырысады. Бірінің – ажалы оттан, бірінікі – судан болып жатады. Бірақ, «Сақтансаң – сақтаймын» деген тағы бар. Жүргізілген зерттеулер суға кеткендердің дені шомылуға тыйым салынған жерде суға түскенін, балалар бақылаусыз қалғаннан болғанын көрсетуде. Ал, балаларды тіпті көзден таса етпеген абзал. Тумақ бар жерде өлмек бар. Дегенмен, өзекті өртейтін өкініш, «әттеген-ай» дейтін оқиға жүректе қалып қоймаса екен дейміз. Әркім өмірі үшін өзі жауапты болғанда ғана қайғылы оқиғаның алдын алуға болатын да шығар, бәлки? Алдымен өзімізге, содан кейін балаларымызға жауапты болайық…
Ақнұр САҒЫНТАЙ