Құрылтай
» » «Antikor-орталығында» кездесу ұйымдастырылды

«Antikor-орталығында» кездесу ұйымдастырылды

Қызылордалық кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу конкурсында негізсіз кедергілер жасаған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкерлер облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы конкурстық комиссиясының шешімімен келіспейтіні туралы шағым түсірді.

Екі конкурс (Белкөл кентінде түнгі жарықтандыру бағаналары мен шамдарын қамтамасыз ету, ал екіншісі Талсуат ауылдық округінде көшені жарықтандыру) бойынша Комиссия дұрыс емес мәліметтерді ұсынған компанияны негізсіз жеңімпаз деп таныған.

Департаментпен іс зерделеніп, уәкілетті органдарға тиісті хаттар жолданды. Сонымен қатар, жауапты мекеме мамандарын шақыртып, «Antikor-орталығында» кездесу ұйымдастырылды.

Онда кәсіпкерлер мәселесі жан-жақты талқыланып, уәждері расталды. Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің актісі бойынша конкурс қорытындысы алынып тасталды. Кәсіпкерлердің шағымдары оң шешімін тауып, олар мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып танылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
15 маусым 2023 ж. 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31