» » Мемлекеттік сатып алу басқармасының ұжымымен кездесу өтті

Мемлекеттік сатып алу басқармасының ұжымымен кездесу өтті



Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айтимов Мұрат Жолдасбекұлы Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты - ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен заң нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Шара барысында Ғалия Ұбайдуллақызы - мемлекеттік қызметшілер әрбір азаматтың мәселесіне терең үңілуге және қос тараптың қарым-қатынасы нәтижесінде туындайтын әкімшілік кедергілер мен негізсіз әуре-сарсаңдарға жол берілмеуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы ақпараттар берді.
Өз кезегінде Мұрат Жолдасбекұлы - 2020 жылдың 6 қазанында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»заң негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыруға және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бірыңғай тәсілді қалыптастыру мақсатында, ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты және комплаенс-қызметтін енгізу бойынша арнайы әзірленген көрнекі құралдарды пайдалана отырып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

03 наурыз 2021 ж. 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 378
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 152

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930