» » Сапаға мән беру – істің сәні

Сапаға мән беру – істің сәні



Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев, Алмас Қаржаубаевпен және тиісті сала басшыларымен бірге Жосалы кенті орталығындағы бірқатар сауда орталығында болып, мониторинг жүргізді.
Аудан басшысы «Сұлтан», «Эльдорадо» сауда орталықтарын аралау кезінде азық-түлік бағасы мен сапасына назар аударды. Халық тұтынатын тауарлардың қауіпсіздігі де ескерілді. Кәсіпкермен болған әңгімеде халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын ескере отырып, бағаны негізсіз көтермеу, адам өмірінде денсаулықтың аса маңыздылығы болғандықтан, жарамсыз тағам түрлерін сөреде сақтамау туралы да айтып өтті.
Мұнан соң құрылыс жұмыстары осы жылы бастау алған ауқымды кәсіпкерлік жобаның бірі – «Адина» сауда орталығының құрылысымен  танысты. Онда жобаның бастамашысы Нағима Тоқсанбаева құрылыс барысын, алда атқаратын жоспары жайлы баяндап берді.
Осы ретте жоба – «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында жеңілдетілген пайыздық үстемемен 50 млн теңге көлемінде несиемен қаржыландырылғанын айта кеткен жөн.  
Бұдан бөлек, аудан басшысы құрылысы жүріп жатқан «АНК-Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің газоблок өндіретін шағын зауытында болып, серіктестік басшысы Дәулет Қанатбаевпен пікірлесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Бұл жоба да бүгінгі таңда  «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасымен жеңілдетілген пайыздық үстемеде қаржыландырылып отыр.
Нысандарды аралау барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек кәсіп иелеріне құрылыс нысандарын белгіленген уақытында ел игілігіне ұсынуды және құрылыстың сапасына мән беруді жіті тапсырды.
Сәрсенкүл АҚКІСІ    
06 маусым 2023 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 320
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 770

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 90

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930