» » Жазықсыз жапа шеккен, қайран атам...

Жазықсыз жапа шеккен, қайран атам...

qarmaqshy-tany.kz Көкірек көзі ояу, зерделі жанға отаны қымбат, төл тарихы қастерлі. Өзінің қадірін білмес жанның, өзгені де сыйлап жарытпайтыны анық. Ұлтының болмысына қанып өскен адам ұлтына өлшеусіз қызмет етеді. Талай қазақ баласы өмір сүру ауыр болса да өзіндік мәрт мінезбен тағдыр кездестірген талай қиыншылықтардан ұлтты аман алып қала білген.
Қазақ тарихының өткен кезеңдеріне зер сала қарасақ, тағдырдың талай қысталаң шақтарында тапқанынан жоғалтқаны көп халқымыздың сан қилы қиындықтарды бастан өткергенін білеміз. Ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай, тарихты «ақыл көзімен» зерделей білген адам ғана терең түсінеді. Алайда отарлаудың небір қитұрқы саясаты салдарынан ұлттың жаны талай жараланды. Шектен шыққан озбырлық кесапатынан, көкірегін ұлттық намыс кернеп, әр қазақ үшін, қазақтың әрбір түп жусаны үшін ажалмен бетпе-бет тайталасқан дара тұлғаларынан айырылғанда, қазақ сан мәрте зар жылады.

Ұлтының өмір сүруі үшін жанталасқан тұлғалар, ұрпағының қамын ойлап наразылық танытқан жандар «кеңес өкіметіне қарсы шыққандар» қатарына енді.

Осындай жандардың қатарында менің атам – қоғам қайраткері Тұрмахан Алтыруов та болды. Атам 1896 жылы Жамансыр болысына қарасты Қорқыт өңірінде дүниеге келді. Қармақшыдағы бастауыш сыныпты бітіріп, Қарасақал болысында хатшы болып сайланды. Қызметіне адал, халық қамын ойлаған атам 1920- 1923 жылдар аралығында Қазалы уездік атқару комитетінің жауапты қызметкері, 1923-1928 жылдары Қызылорда округтік атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1928-1931 жылдары округтік «Қосшы» одағының төрағасы, 1931- 1934 жылдары округтік төтенше комиссияда, 1937-1938 жылдары Қармақшы ауданында қаржы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

Сол кездегі саясат ылаңына дүрліккен елді саяси қуғын-сүргін шаралары шарпыды. Бұл шарпу атамды да айналып өтпеді. Саяси қуғын-сүргінді күшейту мақсатында жоғарыдан үсті-үстіне келіп жатқан бұйрықтар ұлттың бірлігі мен елдің тұтастығын бұзды. Саяси қуғын-сүргін қазақ ұлтының болашағына қарсы бағытталды. Бір адамға жала жабу арқылы бірнеше адамды айыптау заңды құбылысқа айналды. Көзі ашық, көкірегі ояу атам қазақ қоғамына отарлаумен жабысқан біліми ақпараттық, техникалық зәрулік пен етектен тартқан ішкі қайшылықты тереңінен білгендіктен үндемей қала алмады. Мемлекеттік билікке сүйенумен оң нәтижеге жету мүмкін еместігін ескеріп, қолда бар қару – айтқан сөзі айтылған жерде қалмау үшін ол халық жанашырлары Әліби Жанкелдин, Сәкен Сейфуллиндермен астыртын келіссөз жүргізіп, халықты осы бір қиындықтан алып шығу жолдарын қарастырды. Қоғамның табиғи дамуына тосқауыл жасалды. Атам жоғарғы биліктің бұлтартпа саясатына қарсы тұра білді. Жүсіпбек Аймауытов секілді Алаш зиялылары «Кәсібі мал баққан, әлеуметі рубасыға бағынған жұртта тап жігі, байлар, кедейлер табы деген нәрсе анық болмайды» деп шырылдағанымен, олардың үнін кеңестік билік естімеді де.

Халқының қамы үшін күресіп, қоғам алдындағы парызын адал орындаған азаматтар халық басына төнген ауыртпалықты көре тұрып үндемей қалмады.

Атама халық қамын ойлаған ұлт жанашырларына «Кеңес өкіметіне қарсы әрекеттер ұйымдастыруды көздеп жүр» деген жала жабылып, 1936 жылы қудалауға ілінді. Өз ұлтының ой-санасын оятуды, оны отаршылдық езгіден азат етуді мақсат тұтып, бар білімін, қайрат-жігерін халқына арнаған қайран атам 1938 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, Магаданға айдалып кете барды.

Міне, атам сол жақта мәңгілік мекеніне кеткен екен. Өкінішті...
Біз саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына бас июге тиіспіз. Олар – қате саясаттың жазықсыз құрбандары.

Десек те, бірaз «тарих ақтaңдақтарының» беті aшылып, кітаптaр мен тарихи еңбектер жaрық көрсе, болашaқ ұрпақтың да көзқaрасы мен ой-өрісіне қосaтын үлкен үлеспен қатaр, бабалар алдындaғы парыздaрымыз орындaлған болaр еді.
Салтанат АЛТЫРУОВА,
немересі
29 мамыр 2023 ж. 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031