Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – өміріңізді сақтап қалудың бірден - бір жолы
qarmaqshy-tany.kz Өрт – тілсіз жау. Бұл – материалдық құндылықтарды ғана емес, кейде адам өмірін бұзатын бақытсыздық жағдай.
Өртің 80%-ы адам кінәсінен, соның ішінде өрт қауіпсіздігі шараларын бұзудан, ақауы бар құрал-жабдықтарды пайдаланудан болады. Ал табиғат жағдайында өрттер найзағай соғуынан немесе аптап ыстық кезінде туындайды.
Тұрмыста өрт тұтануының түрлі себебі бар. Мысалы аула, қора тазалаған кезде жиналған тұрмыстық қалдықтар мен мал сақтарын өртегенде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан, немқұрайлылықтан, электр энергиясының шамадан тыс көбейіп кетуінен, электр сымдарының зақымдануынан, электр желісіне шамадан тыс жүктеу болғанда, қондырғылардың қатты қызуынан немесе қатты желдің әсерінен сөнбей қалған шоқтардың тұтануы салдарынан болып жатады.
Өрт үлкен жылдамдықпен тез тарайды және аумағындағы үйлерді, қораларды шарпуы мүмкін. Сондықтан үйде, далада қарапайым сақтық шараларын қатаң сақтау маңызды. Ол үшін:
- Үйде темекі шекпеңіз және кез келген жерге лақтырмаңыз;
- Аулада қоқыс немесе мал сақтарын өртегенде толық сөндірілгеніне дейін бақылауда ұстаңыз;
- Тамақ істеп жатқанда газ плитасын қараусыз қалдырмаңыз;
- Электр тогы мен газ құбырларын үнемі тексеріңіз. Қандай да бір ақау барын байқасыңыз, бірден арнайы мамандарға хабарласыңыз;
- От жағуға арналған сіріңке, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз;
- Балаларыңызға Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің нөмірлерін жаттатыңыз.
Қауіпсіздік телефон номерлері:
- Төтенше жағдай орын алса - 112 номеріне хабарласыңыз.
- Өрт сөндірушілер – 101
- Полиция – 102
- Жедел жәрдем – 103
- Газ апатынан құтақпру қызметі – 104
- Құтқару қызметі – 109