» » Діни экстремизмге қарсы кеңес

Діни экстремизмге қарсы кеңес

qarmaqshy-tany.kz Жақында аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының қатысуымен аудан әкімшілігінде діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерімен семинар-кеңес өтті. Мемлекеттік органдардың дін саласы бойынша тұрғындармен өзара байланыс құру формаларының бірі – ақпараттық түсіндіру жұмыстары.
Семинарға облыс әкімі аппаратының терроризмге қарсы қызметті үйлестіру бөлімінің басшысы Ардақ Әбішева, облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Қамзаев және облыстық терроризмге қарсы орталықтың қызметкері Әділхан Сәлімов арнайы қатысты.

Қазіргі таңда қоғамда радикалды топтардың идеологиясы кеңінен насихатталып, залалы тиюде. Әсіресе діни экстремизмге үгіттейтін насихат интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жүргізіп жатыр. Осы орайда, әлеуметтік желінің құрсауында қалған жастармен жұмыс жүргізу, еліміздің тұрақтылығына қауіп төндіретін сайттарды бұғаттау жұмыстары күшейтілуде. Бұл тұрғыда мамандар ақпараттық түсіндіру жұмыстары көбіне жастармен кездесуде айтылып жүргенін жеткізді.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Олжабайұлы қоғамда әлеуметтік желілердің ықпалы күшейген сайын түсіндіру жұмыстарын күшейту міндеті тұрғанын тілге тиек етті. Діни экстремизм мен лаңкестік әрекеттердің алдын алу, жастар мен жасөспірімдерді жат әдеттерден қорғау қоғам алдында тұрған келелі мәселе болғандықтан, жоғары оқу орындары, мектептермен, діни орталықтарда өтетін шаралар өткізумен қатар, деструктивті діни ағымның жетегінде кеткендерді оңалту жұмыстарын жетілдіру мәселесі қоғамда өзекті екенін айтты.

Қазір жастардың діни сауатын арттыру, қоғамдық тұрақтылықты сақтауға байланысты іс-шаралар аясында мешіт қызметкерлерімен де ақпараттық жұмыстар іске асырылып келеді. Себебі діни сұрақтар туындаған жағдайда сенімді дереккөздерге жүгіну қажеттілігі ескертілген. Бүгінде ауданымызда фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Руханият Қармақшы» парақшасында жат діни ағымның алдын алу, ұлттық құндылықтар, діни экстремизмге қарсы 76 қарсы насихаттық материалдар жарияланған.

Семинар кеңесте аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Нұршат Наурызбаева діни жат ағымның алдын алуда жастар арасында оң бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Райымбаева өз пікірлерін ортаға салды.
Ерсін ӘЛІБАЙ
04 мамыр 2023 ж. 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 270

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 368

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930