Конституция
» » Әрбір пікір маңызды

Әрбір пікір маңызды

qarmaqshy-tany.kz Бүгінде облыс бойынша 32 мыңға жуық мүгедектігі бар адам тіркелген екен. Бұл халық санының 3,8%-ін құрап отыр. Олардың ішінде 26 мыңы ересектер, қалған 6 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар. Мүгедек жандардың мүддесі қандай? Бұл туралы нендей жобалар бар, олар қалай жүзеге асады? Осы сұрақтардың төңірегінде сәрсенбіде аудандық Жыраулар үйінде кездесу өтті. Онда мүмкіндігі шектеулі жандардың ұсыныс-тілектері тыңдалды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы төрағалық етті.

Кездесуге облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Ибраева, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Шайымбетов, облыс бойынша еңбек және халықты әлеуметік қорғау департаменті басшысының орынбасары Т.Мырзахметова, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы С.Сиюов пен аудан тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі жандар тарапынан тиісті сала басшыларына сұрақтары қойылып, оған тұщымды жауаптар берілді. Тұрғындардың тілегі бойынша «Инватакси» қызмет көлігінің санының көбеюіне, тегін дәрі-дәрмектердің болуы, мүгедектікке шығаруға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
А.ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
17 сәуір 2023 ж. 556 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031