» » Сәуір болмай, тәуір болмас

Сәуір болмай, тәуір болмас

qarmaqshy-tany.kz Сәуір – ең қауіпті айлардың бірі болып саналады. Себебі бұл айда «Бесқонақ» секілді табиғат құбылыстары кездеседі. Біз өмір сүріп жатқан өңірде ол айдың бірінші онкүндігінде болады. Осы уақыт арлығында жауын-шашын, боран орын алады. Ал басқа мекендерде сәуірдің он үші кіріп, он сегізі шығады. Кезінде ата-бабаларымыз сәуір бітпей көктеуге шықпай қыстауда қалады екен, себебі пайым бойынша сәуір бітпей көктем де шықпайды. Айта кетерлігі, ертеректе сәуір айын сәуір деп емес, көкек деп атаған. Біздің бұрынғы күнтізбемізде тоқпан, отамалы, отжақпас, осы секілді ежелгі айлардын есімі бар. Көкек сөзінің этимологиясы көктемнің бір белгісі – көкек құсының алғаш шақыра бастайтын мезгіліне байланысты айтылған. Бұл айдың өзгешелігі – құс үнінің ерекше байқалуы. Ал, көпшіліктің айтуынша, көкек айын «көкек» деген сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Сөйтіп, «жас көк» деген үғыммен ұштасады. Қазақтар үшін көкектің дауысы ай атауға негіз болса, чулым, бараба татарлары үшін қарға дауысы бұл айды «қарға ай» деп қоюға себеп болған деседі.


Қорыта айтар болсақ, «сәуір болмай тәуір болмас, сәуір болмай сайран болмас, сайран болмай айран болмас» деген сөздер де бекер айтылмаса керек. Ендеше, осы келіп жеткен көкек айында алдамшы жылуға алданып қалмай, жердің тоңы ерімеген шақта суықтап қалмаңыздар дегіміз келеді.
Нұрасыл ӨТЕПОВ,
№85 мектептің 6-сынып оқушысы
14 сәуір 2023 ж. 784 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930