» » Мемлекеттік қызметкердің әдеп сақтауы басты құндылық

Мемлекеттік қызметкердің әдеп сақтауы басты құндылық

     «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қабылданды, онда этикалық нормаларды бұзу мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары көзделген.
     Мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің заңдылығын, әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өзінің  қызмет бабын пайдаланбау, іскерлік этика және формальды мінез-құлық қағидаттарын сақтау кіреді.
     Яғни, мемлекеттік қызметшілер  азаматтармен  және  ұжыммен қарым-қатынас кезінде сыпайы болуға тиіс. Өз кезегінде, халықпен өзара іс-қимылдың  негізгі көрсеткіші. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы болады. Сондықтан мемлекеттік қызметтердің сапасын  арттыру бойынша тұрақты шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар ретінде халықтың  қажеттіліктеріне бағдарлану қажет.
     Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы-оның маңызды  моральдық қасиеті болып табылады.
     Мемлекеттік қызметші болу- ол аянбай еңбек етіп,  халық мүддесін қорғау, елдің дамуына  үлес қосу. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшінің мәртебесі биік. Үкімет тарапынан қолдау да, жеңілдіктер де бар. Тек жұмысына адал, антына берік болса болғаны.
     Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін  орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс. Мемлекеттік қызметкер жан-жақты дамыған тұлға болуы  тиіс, үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет. Сол себептен де мемлекеттік қызметкерлердің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл әрекеттері, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей болуы керек.
     Жұмыс және жұмыстан тыс уақытта да мемлекеттік қызметші беделін түсіретін немесе қоғам тарапынан сын тудыратын ситуациялардан өзін алшақ ұстауы тиіс. Іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық  қағидаларын сақтамау Әдеп кодексін өрескел  бұзу болып табылады.
                                                                     
Қармақшы аудандық сотының
бас маманы  аға сот приставы
А.Мырзағұлова
07 сәуір 2023 ж. 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 262

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 361

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930