Мемлекеттік қызметкер – елдің бет-бейнесі

Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қоғамдық пікірді қалыптастыру олардың белгілі бір дәрежеде жұмыс уақытынан тыс уақыттағы мінез-құлқымен байланысты. Осыған байланысты, заң қызметтік әдеп ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызметшілер жұмыстан тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануы, оның ішінде мас күйінде қоғамдық орындарда болмауы, адамның-қадір қасиеті мен қоғамдық адамгершілігін қорлайтын қылықтарға жол бермеуі, қарапайымдылық танытуы, тиісті қызметкерлерді алу кезінде өзінің қызметтік жағдайын аса көрсетпеуі және пайдаланбауы, өз тарапынан қоғамдық әдепке, тәртіп пен қауіпсіздікке қол сұғумен байланысты заңнаманың талаптарын бұзуға жол бермеуі және басқа азаматтарды заңға қайшы, қоғамға жат әрекеттер жасауға тартпауы міндет.
Мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік қызметке алғаш рет келген жас мамандарды тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Олардың тиісті моральдық этикалық мінез-құлқын қалыптастыру бойынша жұмыс ерекше назар аударуды және формальды көзқарасқа жол берілмеуін талап етеді. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін үш күн ішінде мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексі мәтінімен жазбаша түрде танысуды көздейтінін атап өткен жөн. Осылайша, жас мамандарға мемлекеттік қызметке арласқаннан бастап ерекше мән беріледі. Адамдармен қарым-қатынас кезінде сыпайылықты, әдептілікті, қарапайымдылықты және сөйлеу мәдениетін сақтауды үйретеді.
Қазіргі жағдайда мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесі мен іскерлік сапасына қойылатын талаптарды күшейту мәселелері осы саладағы заңнаманы жетілдіруді, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға ықпал етуді талап етеді.
Қармақшы аудандық сотының
жетекші маманы А.Жанұзақов