» » Бала қауіпсіздігі басты назарда

Бала қауіпсіздігі басты назарда

qarmaqshy-tany.kz Құрметті ата-аналар! Бұл сақтық шаралары Сіздерге арналады. Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, балаларыңызды зорлық-зомбылықтан сақтау үшін үйде және қоғамдық орындарда «Сақтанудың» ережесін үйретіңіз:
Бейтаныс адамдармен далада ойнап жүрген кезінде сөйлесуге болмайды.
Олармен бірге лифт және подъезге кіруге болмайды. Бейтаныс адамның автокөлігіне отыруға болмайды. Бейтаныс адамдардан сыйлық алуға және олар ұсынған жерге баруға болмайды.
Балаңыздың түн мезгілінде көшеде, ойын-сауық орындарында жүруіне болмайды. Қараңғы көшелер мен саябақтарда жалғыз өзі серуендеуге болмайды.
Үйде жалғыз болғанда балаңыздың қауіпсіздігі үшін бейтаныс кісілерге үйдің есігін ашуға және оларды үйге кіргізуге болмайды.
Бейтаныс азамат сені ұстап алса, қолынан тістеп алып, босатқан кезде қашып кетуге тырыс.
Бейтаныс адам балаларыңызға тиіскен жағдайда, дереу айқайлап жан-жағындағы үлкен адамдардан көмек сұрау керектігін үйретіңіз.
Ата-ана үшін ескерту!
Өз балаларыңызбен сенімділік қатынасын орнатыңыз.
Отбасында бала кез-келген мәселелерді, оның ересектермен қатынастарын талқылай алатындай арақатынастар жасау керек.
Балалар өз өмірлерінің құбылыстары немесе достары туралы айтып жатқанда оларды мұқият тыңдаңыз.
Баланы жан қобалжуларымен бөлісуге ынталандырыңыз, бұл апаттан сақтаудың маңызды шарттардың бірі.
Сіз балаңыздың басқа балалармен немесе ересектермен қатынастарын білуіңіз қажет.
Балаңыздың жасаған іс-әрекетіне кешірімді болып, ашуға бой бермеңіз.
Қармақшы ауданының Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
20 наурыз 2023 ж. 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 342

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 425

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930