«Бала қауіпсіздігі-басты назарда»
qarmaqshy-tany.kz Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінде 22 желтоқсан күні «Бала қауіпсіздігі-басты назарда» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмысы өткізілді.
Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастығының орынбасары Алиев Сейілбек Тыныштықбайұлы: жиналыста жасөспірімдерге қарсы және олармен жасалатын қылмыстарды, оның ішінде топтық төбелес, суық қаруды пайдалану, зорлық-зомбылық, бопсалау сынды қылмыстардың алдын алып жолын кесу, кәмелетке толмағандардың жүріс-тұрыстарына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық орындарында, бей-берекет жүру деректерін болдырмау" бағытындағы қысқы каникул алдындағы бала өмірінің қауіпсіздігіне байланысты түсіндіру қажеттігін тапсырды. Ресей мемелекетіне қарасты арнайы өрт сөндіру мекемесінің инспекторы Ковальчук Александр Сергеевич адам өміріне өрттің шығуының себебі болып табылатын сіріңкені, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалану қауіпсіздігі туралы айтылды. Оттың тілсіз жау екендігі айтылып, қысқы мерзімде өрттің болуына себеп болатын заттар: отшашулар, жаңажылдық жарықтар, фейерверктерді қауіпсіз пайдалану жолдарын түсіндірді.Байқоңыр қаласындағы Ресей мемлекетіне қарасты жол патрульдік бөлімінің бастығы Шур Михаил Владимирович көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтау туралы түсінік берсе, әріптесі жол қауіпсіздігінің инспекторы Анжелика Сиделева жол тәртібін сақтау тәртібіне қатысты түсіндіруді бейнетаспалар арқылы жүргізді. Жол тәртібін бұзғандардың ішінде машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алып, өмірлік мүгедек болып қалуды болдырмауға шақырды. Сондықтан, әрбір оқушы «Жолда жүру ережесін» қатаң сақтау керектігін ата-аналар өз баласына күнделікті есіне салып отыру керектігін ескерте отырып, кері жағдайда баланың жолда жүру тәртібін бұзуына қатысты болған қайғылы жағдайлардан фактілер келтіре отырып түсіндірді. Сонымен қатар ата-аналарға балаларын қараңғыда жарыққа шағылысатын құралдармен қамтамасыз ету, ал, автокөлікте автоорындықты пайдалану керектігі ерекше айтылды.