» » Өткен күнде белгі бар

Өткен күнде белгі бар

qarmaqshy-tany.kz ЕЛІМІЗДЕ КЕҢЕС ОДАҒЫ ҮКІМЕТІНІҢ БИЛІК ҚҰРҒАН ТҰСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН НЕГІЗГІ САЯСАТТЫҢ БІРІ – ЕЛДІ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БОЛСА, СОЛ БАҒЫТТЫҢ ЖЕМІСІ БОЛҒАН, ЯҒНИ КИЕЛІ ҚАРМАҚШЫ ӨҢІРІНДЕ СОЛ ЗАМАНДАРЫ ЕҢ ІРІ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ БІРЕГЕЙІ ЖОСАЛЫ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ МЕКЕМЕСІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ «КАЗСЕЛЬХОЗТЕХНИКА» БІРЛЕСТІГІНІҢ 13 МАМЫР 1961 ЖЫЛҒЫ «ҚАЗСЕЛЬХОЗТЕХНИКАНЫҢ АЙМАҚТЫҚ БӨЛІМДЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ» №1 БҰЙРЫҒЫМЕН ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ «ҚАЗСЕЛЬХОЗТЕХНИКА» БӨЛІМІ БОЛЫП, 3 ҚАРАША 1978 ЖЫЛЫ ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ «СЕЛЬХОЗТЕХНИКА» ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ БОЛЫП АТАУЛАРЫ ӨЗГЕРТІЛДІ.
Қармақшы аудандық Халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің 1987 жылғы 25 наурыздағы №125 шешімі және аудандық агроөндірістік бірлестігінің 19 наурыз 1987 жылғы бұйрығына сәйкес бірлестіктің жанынан дербес өзін-өзі басқаратын шаруашылық есептегі Жосалы жөндеу-техникалық кәсіпорны құрылды.
1989 жылдың 26 маусымында аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі «Агросервис» кооперативі болып, 1991 жылдың 5 маусымында аудандық «Агроөнеркәсіптехника» бірлестігі, 1994 жылдың 7 ақпанында аудандық «Агроөнеркәсіптехника» акционерлік қоғамы, 1999 жылдың 15 шілдесінен бастап «Қармақшыагроөнеркәсіптехника» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып атаулары өзгерген.
Серіктестік ауылшаруашылық техникаларын жөндеу және техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу және сату, құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстары, құрылыс заттарын, өнімдерін шығару, дайындау және оларды өткізу, өндірістік және тұрғындық үйлерді салу, жөндеу, өнеркәсіп және азаматтық мақсаттағы халық тұтынатын тауарларды өндіру, сауда-делдалдық, сыртқы экономикалық, коммерциялық, халыққа қызмет көрсету қызмет түрлерін жүргізген.
Мекемеде Құлманов, Н.Зойков, Ж.Беркимбаев, К.Назарқұлов, М.Қанапиев, Б.Әбжалиев, К.Шамалов, С.Тілеуов, К.Молдабаев, Ә.Досетова, Р.Керейтова, М.Қосаев, Т.Біләлов, М.Баймаханов, А.Жүсіпалиев, Н.Жидебаев, Ж.Тоқтаров, Ә.Омаров, Қ.Баимбетов, С.Сырымбаев, Баетов, А.Пірназаров, С.Сәниев, М.Тоқтаров, Ә.Алмағанбетов, Б.Төрешов, Б.Жұмабаев, О.Сариев, Е.Досмаханов, Б.Дәнекеров, тағы басқа еңбек майталмандары қызмет атқарған. Жосалы материалдық-техникалық жабдықтау мекемесінің 1995-2010 жылдар аралығындағы тұрақты сақталатын құжаттары мен 1952-2010 жылдар аралығындағы жеке құрам жөніндегі құжаттары архив қорында сақталуда.
Г.ӘБИЕВА,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві»
КММ-нің аудандық архиві филиалының архивисті
20 наурыз 2023 ж. 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031