» » Ризашылық білдіріп жүрейік

Ризашылық білдіріп жүрейік

qarmaqshy-tany.kz 2016 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҚ ҰРПАҚТАРЫ ҮШІН ТАҒЫ БІР ЖАЗБАМЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ. ҚАЗАҚСТАНДА ЕШКІМГЕ ҰҚСАМАЙТЫН МҮЛДЕМ ЖАҢА МЕРЕКЕ ПАЙДА БОЛДЫ. БҰЛ МЕРЕКЕ БОЛАШАҚТА ЕЛІМІЗДІҢ БІРЛІГІНІҢ БЕЛГІСІНЕ АЙНАЛМАҚ.
Мен бір кітаптан мынадай сөздерді естіген едім: «Ел – өзіңіз өсіретін бақ сияқты, ал онда тұратын халықтар мен этностар сіздің бақшаңыздың гүлдері. Сіз осы гүлдердің әрбір жапырақшасына жауаптысыз. Сіздің арқаңызда бақ гүлдейді және көбейеді. Баубақшаның болашағы сіздің қолыңызда». Осында айтылғандай, қазақ халқының Тұңғыш Президенті еліміздің барлық этносы мен халқын біріктіре алды. Ол бізді одан да жақындастыратын мереке ойлап тапты. Бұл мереке – Алғыс айту күні.
Егер, әркім өз атына алғыс сөзін естісе бақытты болады. Менің жасым 25-те. III Интернационал ауылындағы №108 орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. Ұлтым – түрік. Біздің ауыл – көпұлтты, 13 ұлт өкілі тұрады. Олар бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді.
Біз бұл мерекені атап өтеміз, көп ұлтты ұжыммен бірге дастарқан жайып, бауырсақ, ұлттық тағамдар алып келеміз. Барлығы тілек айтады, күледі, қуанады. Достық пен бір-біріне шын жүректен алғыс айтады. Осы күнді мен өзіме өте қымбат адамдарға шын жүректен алғыс айту мүмкіндігін пайдаланғым келеді.
Әрине, бейбіт те жасампаз елімізге, мені өсірген, тәрбиелеген және жақсы көретін ең әдемі, мейірімді әйел – анама алғыс айтамын. Одан кейін туыстарыма, жақындарыма, достарым мен таныстарыма, ұжымдастарыма ризалығымды білдіремін.
Орыс тарихшысы Василий Осипович Ключевский айтқандай: «Ризашылықты талап ету – ақымақтық, ал ризашылық білдірмеу – ұятсыздық». Біз әрқашан сыпайы болып, алғыс айтудан тартынбауымыз керек.
«Өмірге риза болып, алғыс айт», – деп халық даналығында айтылғандай, адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының бар болғанына рақмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады. Ендеше, бір-бірімізді бағалап, қадірімізді біліп, ризашылығымызды білдіріп алғыс айтып жүрейік!
Аида МУТИЕВА,
ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны
04 наурыз 2023 ж. 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 350

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 431

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930