Жеке тұлғалардың банкроттығы тәртібі түсіндірілді
qarmaqshy-tany.kz ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҮКІМЕТКЕ АЙРЫҚША МАҢЫЗ БЕРІП ЖҮКТЕГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ БІРІ – ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ҚАБЫЛДАУ. МАҢЫЗДЫСЫ – ЗАҢНЫҢ ҚАНДАЙ БОЛАРЫНДА. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ ЕКЕНІНДЕ. ЖОСАЛЫ КЕНТІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА АУДАНДЫҚ КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН БРИФИНГ ӨТТІ.
Жиынға ауданның қаржы ұйымдары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аудандағы филиал басшылары және кент тұрғындары қатысты. Брифинг те «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы» туралы ҚР заңының қабылдауына байла нысты жеке тұлғалардың банкроттығының тәртібі туралы аудандағы кірістер басқармасының басшысы Данияр Қосбергенов халыққа кеңінен түсіндірді. Кірістер басқармасының хабарла уынша, елімізде банкроттықтың үш түрі қарастырылған. Бірінші соттан тыс банкроттық. Соттан тыс банкроттықты тек банктер, микроқаржылық ұйымдар және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойын ша қолдануға болады. Бұл үшін борышкер кредиторлармен реттеу рәсімін өткізуі қажет және борышкердің меншікті мүлкі болмауға тиіс. Соттан тыс банкроттыққа жүгіну үшін борышкердің қарызы соңғы 12 айда төленбеген болуы шарт. Нақтысын айтқанда банкроттыққа берешегі 5 млн теңгеден аспайтын тұлғалар жүгіне алады. Егер жеке тұлға 2-3 ай төлемей, осы банкроттық рәсімге жүгіне алмайды. Ал әлеуметтік көмек алушыларға қатысты 12 ай бойы төлем болмауы тиіс деген талап ескерілмеген.
Екіншісі – сот банкроттығы. Мұнда борышы 5 млн теңгеден асатындарға қатысты қолданылады. Бұл рәсіммен мемлекеттік кірістер органдары және аудандық басқармалар ай налысады. Сот банкроттығы бойынша борышкер мынаны білуі тиіс. Сот банкроттығы барысын да борышкердің мүлкі сауда-саттыққа сатылады. Жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болып табылмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді. Сондай-ақ қаржы басқарушысы тағайындалады. Қаржы басқарушысының қызметіне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі. Рәсімді қолдану барысында шектеулерді де ескерген жөн. Мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау (қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру) бойынша мәмілелер жасауға және рәсімді жүргізу кезеңінде шетелге шығуға тыйым салынады.
Борышты өтеудің үшінші түрі – төлем қабілетін қалпына келтіру. Тұрақты табысы бар қазақстандықтар осындай процедураға өтініш беріп, сот арқылы қарызды бес жылға дейін бөліп төлейді. Борыш көлемі меншіктегі мүліктің құнынан аспауы керек. Бұл ретте азаматтар банкрот деп танылмайды. Ал шетелге шығуға шектеу жоқ.
Бүгінде азаматтардың едәуір бөлігінің қаржылық жағдайы төмен. Банктегі қарызын өтей алмай жүргендер көп. Осыдан кейін «Банкрот болсам, мемлекет қарызымды кешіре салады» деп жеңіл ойлайтындар бар.
Мамандар кент тұрғындары тарапынан қойылған сауалдарға ашық әрі нақты жауап берді. Тағы бір ескертетін жайт, дүние мүлкін жасырып, жалған банкроттық жариялағандар үшін үлкен көлемде айыппұл қарастырылған. Ал өзін банкрот деп жарияланған өтініштер осы жылдың 3 наурызынан бастап қабылданады.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
Пікір 3