Құрылтай
» » Ұрлық жасағаны үшін жаза тағайындалды

Ұрлық жасағаны үшін жаза тағайындалды

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық сотында сотталушыларД., И., Р.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 3 бөлігінің 2),3) тармақтарымен қылмыстық  іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, қылмыстық іс екі эпизодтан тұратын соның біреуі, сотталушылар «Достық жер МК» ЖШС-не қарасты қырман ішіндегі қоймада тұрған ауылшарушылық техникаларының қосалқы темір бөлшектерінің бар екенін біліп, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қоймаға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып, «Достық жер МК»  ЖШС-не жалпы 2 331 150 теңге мөлшерінде мүліктік шығын келтірілген.
Басты сот талқылауында қорғау тарапымен Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 613-бабына  сай,  кінәні мойындау туралы процестік келісім жасау жөнінде өтінішхат  табыс етіліп,  мемлекеттік айыптаушы, сотталушы, адвокат арасында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалуына байланысты, келісімдік  іс жүргізу қозғалып, әрі қарай сот тергеуі қысқартылған тәртіпте жүзеге асырылды.
Нәтижесінде, сотталушылар Д., И., Р. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 2),3) тармақтарымен  кінәлі деп танылып, әр қайсысына 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
15 ақпан 2023 ж. 535 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31