» » Ата-аналар назарына!

Ата-аналар назарына!

qarmaqshy-tany.kz Баланың интернет әлеміндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төменде көрсетілген жадынамалар ата-аналарға арналады.
Балалар аңғал, сенгіш болып келеді, сол себепті ата-ана қолдану мүмкіндігін шектейтін немесе жұмыста отырып үйде баласының әлеуметтік желіде не көріп, не оқып отырғанын бақылай алатын бағдарламалар орнатқан жөн. Нәтижесінде бала үнемі бақылауда болады.
Балаңыздың компьютер алдында отырғанда уақыт режимін сақтауын талап етіңіз. Компьютер, смартфондарды ұзақ уақыт қарағандықтан денсаулыққа зиян екенін түсіндіріңіз. Ғаламтор желісіне қосылған компьютер отбасы мүшелеріне ортақ бөлмеде, ата-ананың бақылауында болу керек. Балаңыздың өзінің жеке электронды поштасы болмас үшін, отбасылық электронды пошта ашып қойыңыз.
Балаңызға Сіздердің рұқсаттарыңызсыз музыка немесе басқа да бағдарламаларды жүктеп алуға рұқсат етпеңіз.
Балаңызға әлеуметтік желілерде хабарлама алмасу функциясын қолдануға рұқсат етпеңіз. Балаңыз шынайы өмірдегі достары туралы айта бастаса, одан ғаламтордағы достары туралы да сұрап, хабардар болып отырыңыз. Балаңыз үлкендерге қатысты сұрақ қойса, жауап беруден жалтармаңыз. Өйткені ол Сіз бере алмаған жауапты ғаламтор желісінен іздеуі мүмкін және іздеу барысында «үлкендерге арналған» сайтқа тап болуы мүмкін.
Балаңызға Ғаламтордағы сайттардың бәрі бірдей жақсылыққа үндемейтінін түсіндіріңіз.

Қармақшы ауданының Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

04 ақпан 2023 ж. 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 745
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031