» » Қауіпсіз ғаламтор

Қауіпсіз ғаламтор

Баланың интернет әлеміндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төменде көрсетілген жадынамалар ата-аналарға арналады.

• Балалар аңғал, сенгіш болып келеді, сол себепті ата-ана қолдану мүмкіндігін шектейтін немесе жұмыста отырып үйде баласының әлеуметтік желіде не көріп, не оқып отырғанын бақылай алатын бағдарламалар орнатқан жөн. Нәтижесінде бала үнемі бақылауда болады.
• Балаңыздың компьютер алдында отырғанда уақыт режимін сақтауын талап етіңіз. Компьютер, смартфондарды ұзақ уақыт қарағандықтан денсаулыққа зиян екенін түсіндіріңіз.
• Ғаламтор желісіне қосылған компьютер отбасы мүшелеріне ортақ бөлмеде, ата-ананың бақылауында болу керек.
• Балаңыздың өзінің жеке электронды поштасы болмас үшін, отбасылық электронды пошта ашып қойыңыз.
• Балаңызға Сіздердің рұқсаттарыңызсыз музыка немесе басқа да бағдарламаларды жүктеп алуға рұқсат етпеңіз.
• Балаңызға әлеуметтік желілерде хабарлама алмасу функциясын қолдануға рұқсат етпеңіз.
• Балаңыз шынайы өмірдегі достары туралы айта бастаса, одан ғаламтордағы достары туралы да сұрап, хабардар болып отырыңыз.
• Балаңыз үлкендерге қатысты сұрақ қойса, жауап беруден жалтармаңыз. Өйткені ол Сіз бере алмаған жауапты ғаламтор желісінен іздеуі мүмкін және іздеу барысында «үлкендерге арналған» сайтқа тап болуы мүмкін.
• Балаңызға Ғаламтордағы сайттардың бәрі бірдей жақсылыққа үндемейтінін түсіндіріңіз.

Қармақшы АПб ЖПҚб

01 шілде 2022 ж. 1 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 596
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031