» » «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

qarmaqshy-tany.kz С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінің 1 – 4 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың, буллинг пен кибербуллингтің, топтық төбелестің, зорлық зомбылықтың алдын алу және болдырмау, жол қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын насихаттау мақсатында АПБ-нің ЖПҚб-нің ЮПт-ның инспекторы полиция аға лейтенанты М.Әлімбаев оқушыларға түсіндірме жұмыстар жүргізді. Жиналыс барысында оқушыларға жолда жүру ережелерін қатаң сақтау, заңды өкілсіз кешкі мезгілде көшеде жүрмеу, мектепке адам өміріне қауіп төндіретін құралдар алып келмеу, электронды темекі мен қорқорды қызығушылықпен пайдаланбау, жасы кішілерге әлімжеттік жасамау, өзіне қатысты сырттан немесе осы мектептің жоғарғы сынып оқушыларынан әртүрлі зорлық-зомбылық әрекеттер жасалған жағдайда тиісті орындарға дереу хабарлау мәселелері туралы түсіндіріліп, қатаң ескерту жасалды. Жиналысқа қатысқан мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Көшербаева оқушыларға сабаққа келу және сабақтан қайту уақыттарында мектеп жанындағы үлкен жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жолақ арқылы өтіп, жол ережелерін қатаң сақтау, мектеп ережесінің сақталуы, үзілісте төбелеске жол бермеу, сабақтан себепсіз қалмау, кешікпеу, үзіліс кезінде мектеп ауласынан сыртқа шығып кетпеу жағдайлары туралы түсіндіріп өтті. Оқушыларға жол белгілері туралы түсіндіріліп, кері байланыс жасалды, жол ережелері туралы білімдерін ортаға салып, өздеріне берілген жол белгілері өзге оқушыларға түсіндіре алды. Өтілген сабақтан оқушылардың жол ережелері туралы жақсы түсініктері бар екендігі көрінді.
01 ақпан 2023 ж. 717 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930