» » Қасіреттің қара түнегі

Қасіреттің қара түнегі


 Қоғамда шешімін таппай жүрген мәселелер өте көп.Соның бірі көпшілікке белең алып бара жатқан рухани дерт – суицид.Елімізге тыныштық орнаған мына бейбіт заманда Қазақстан адам шығыны жағынан әлем бойынша алдыңғы қатарда тұр.Оны денсаулық сақтау саласының нашарлығымен байланыстырғанымызбен азаматтарымыздың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша

«көшбасшы» елдердің бірі екенін ескергеніміз жөн.
     Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша,Қазақстанда 100 мың тұрғынға шаққанда 53 кісі өзіне қол салып қаза болады екен.Онын ішінде әйелдер арсындағы суицид көрсеткіші- 15 пен 24 жас аралығында 100 мың тұрғынға шаққанда 11,1 оқиғаны құрайды.Салыстырмалы түрде АҚШ-та бұл 2,9-ға тең Демек Орта Азия елдері бойынша жоғары деңгей.
     Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мәліметі бойынша 2015жылы ересектер арасында – 9 суицид, жасөспірімдер    арасында - 4 суицид тіркелген.Мамандардың айтуы бойынша елімізде 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 6-8 суицид фактісі тіркелетіндігін айтады.Оған дәлел 2015 жылдың 24 қазанында Тараз қаласында өзін-өзі өртеген 20 жастағы Ерлан Бектібаев. Өмірін қыршын қию себебін арнайы видеоға жазып қалдырған. Алған жарақатынан ер адам қалалық ауруханада көз жұмған болатын.
     Неліктен тұрғындарымыз бейбіт заманда өзіне қол жұмсауға әуес?Расында бұл мәселенің маңыздылығы өте үлкен.Бұл мәселенің қандай жағдайда орын алатындығын ескерсек,бірнеше мысалдарға куә бола аламыз.Алдымен материялдық жағдайға байланысты адамның түңіле бастауынан туындайды.Банктен несие алып,сонысын қайтара алмай шарасыздыққа баратыны да белгілі.Сонымен қатар ата-ана мен баланың арасындағы түсініспеушіліктен болса,енді бірі аурушаң адамның: «бұлай жүргенше өлгенім жақсы» - деген пікірінен туындайды.Осы жағдайларды зерттеу барысында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мамандары мынадай факторларды көрсетеді: Денсаулық нашарлығынан – 1,2 %, қаражат қиындығынан – 3 %, ауыртпашылықтан – 1,4 %, құмарлықтан – 6 %, отбасы мәселесі – 18 %, рухани дерт – 18 %, жазасын өтеуден жалтару – 19 %.
    Ал өзін-өзі өлтіру фактілерінің 41 %-ы неден болатыны белгісіз күйде қалып отыр.Бұл таза психологиялық дерт.Осы проблемадан құтылу да,оның емі де аталарымыздың рухани ілімін меңгеру болып қала бермек.Мамандар өлуге құмарту – психиканың проблемасы  екендігін айтады.Сондықтан әрдайым жақындарыңмен бірге болып,бір-бірін бағалап,түсіністікпен өмір сүру қажет.
Айнұр Әли
 
01 мамыр 2018 ж. 1 331 1

JeaCold от 21 ақпан 2019 18:00
Traitement Cialis 5 Mg cialis without prescription Where Can I Buy Furosemide In The Uk 2 Clomid Par Jour

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031