» » "Сіз ғажайып жансыз!"

"Сіз ғажайып жансыз!"

qarmaqshy-tany.kz Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Оңайсынова Әлия апталық аясында 2- сынып ата-аналарымен "Сіз ғажайып жансыз!" тақырыбында ата - аналар тренинігін өткізді. Өткізілген тренинг мақсаты:ата-аналардың көңіл-күйін көтеру, өз-өзіне құрметпен қарауға, бойындағы жақсы қасиеттерін ортада көрсете білуге, бір- бірімен сыйластық қарым-қатынаста болуға шақыру.
Тренинг жоспары:
1. Танысу.
"Менің сіз білмейтін артықшылығым".
2. "Жұмсақ шеңбер".
3. "Мен ғажайып жанмын". 4. Сөздің сиқырлы күші. 5. Мықты суретші.
6. Шынайы тілек.
7. Қорытындылау.
Тренинг барысында ең алдымен танысу кезеңінде әр ата-ана өз есімін айтып және өз бойындағы біз білмейтін ерекше қасиеттерін ортаға сала отырып, "Жұмсақ шеңбер" ойынын ойнау арқылы көңіл -күйлерін бір сергітіп алды. "Ғажайып" сөзінің барлық жақсы қасиеттерді қамтыған ең жоғарғы қасиет екені түсіне отырып ата-аналар "Мен ғажайып жанмын, өйткені...." деген сөйлемді аяқтау арқылы өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерін ортада айтты. Бұл өтілген тренинг күнде отбасы мен жұмыс қамын ойлап жүретін ата-аналар үшін көңілді болды.
Тренинг соңында тренингке белсене араласқан әрбір ана "Сіз ғажайыпсыз!" медалімен марапатталды.
25 қаңтар 2023 ж. 786 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 398
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 199

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930