» » Ұлттық құндылықтар ұлықталған күн

Ұлттық құндылықтар ұлықталған күн

Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен, «Qoloner» ұлттық нақыш орталығының қолдауымен «Анамның ақ жаулығы» атты мәдени шара «SAPA KA» орталығында өтті.
Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрі мен құндылықтарын насихаттауға арналған мәдени шараға облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, Әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова, Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева, «Qoloner» ұлттық нақыш орталығының директоры Аида Керімқұлова және Аналар кеңесінің белсенді мүшелері қатысты.

Шара бірыңғай қазақы нақышта көркемделді. Мәртебелі меймандарды ақ жаулықты аналар шашу шашып күтіп алды. Орталық директоры Аида Керімқұлова қатысушыларға ұлттық қолданбалы бұйымдар, ұлттық киімдер көрмесін таныстырды.
«Сыр елі – өнердің мөлдір бұлағы» атты алғашқы бөлімінде ақ жаулықты аналарға арнау айтылды. Мұнан соң қазақ дәстүрінде тәрбиелік мәні жоғары жоралғының бірі – тұсаукесер рәсіміне кезек берілді. Ұрпағы қадірлі, қайырымды, текті, жетелі, көпшіл азамат болсын деген ниетпен үш бірдей бөбектің ата-аналары алғашқы қадамын майлап, тұсауын кестіруді өз борышы санап келді. Шарада айтыс өнерінің қайта жаңғыруына үлесін қосқан, айтыскер ақын, әнші-сазгер Ниятұлла Романқұловтың егіз немерелерінің тұсауын батыр да қайсар азамат болсын деген ниетпен «Қазақстан барысы» додасының жеңімпазы Мақсат Исағабыловтың анасы Роза Қуанбаева, «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязовтың анасы Жұмагүл Оңғарбаева кесті. Ал Мақсат пен Әсел есімді жас отбасының кесте тігер қызының тұсауын Қызылорда ЮСИМАС, менталды арифметика оқу орталығының директоры Алтын Абдуалиева кесіп, өздерінің ақ тілегі мен баталарын берді. Тұсау кескен жандарға кәде сыйлар беріліп, алғыс айтылды.
«Атадан балаға мұра болып келе жатқан игі дәстүріміз жалғасын таба берсін. Өмірге жаңадан қадам басқан бүлдіршіндеріміз ертеңгі ел болашағының алтын көпіріне айналып, текті еліміздің тұғыры биік азаматы мен азаматшалары болсын» деген жүрек жарды лебіздерін жаудырды.
Мұнан соң қатысушылар ұлыстың бекемдігі үшін баға жетпес құндылық саналған мергендік өнерді тамашалады. Жиналған қауым киіз үйде арнайы әзірленген ұлттық құндылықтарды ұлықтаған шараның берекелі дәмінен ауыз тиді.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі



25 қаңтар 2023 ж. 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 363

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930