» » «Жоқ!» деп айтуды үйрен

«Жоқ!» деп айтуды үйрен

qarmaqshy-tany.kz Нашақорлық – бүгінгі таңда өте үлкен мәселеге айналып, бұл сөзді жиі еститін болып кеттік. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде 18,5 мыңнан астам нашақор тіркелген. Соның ішінде 94 жасөспірім бар. Әрине, бұл өте өкінішті жағдай.
Тіпті соңғы кездері есірткіні ашық түрде жарнамалап, сататын да болып кетті. Жасөспірім шақтағы күйзеліс, қиыншылықтан, отбасыдағы мәселелерден құтылу жолын ойлаған бала осындай жарнамаларды көрсе, есірткіге барып ұрынары белгілі. Есірткі сатушылар осы жағдайды пайдаланып, балаларды қызықтырып, алғашында есірткіні тегін ұсынып, бала тағы да есірткі сұрағанда, көп мөлшерде ақша талап ете бастайды. Ол есірткіні қалыпты көріп, мөлшерінен тыс қолданып, бұл әрекет бірнеше жылда өлімге алып келуі әбден мүмкін. Есірткі қолданушының мінезі дөрекіленіп, күнде ақша сұрауға дағдыланады. Сол себепті құрметті ата-аналар, жасөспірім баланыздың не нәрсемен айналысып жүргеніңе, не нәрсеге қызығатынына аса назар аударып, әрқашан жанынан табыла біліңіз!
Дана НҰРЖІГІТҚЫЗЫ,
No26 орта мектептің оқушысы
24 қаңтар 2023 ж. 734 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930