» » Оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылды

Оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылды

qarmaqshy-tany.kz МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ТІКЕЛЕЙ ТАПСЫРМАСЫНА СӘЙКЕС, ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАНЫҢ ЛАЙЫҚТЫ ЖАҒДАЙДА БІЛІМ АЛУЫНА ЖАҢАШЫЛ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІП КЕЛЕДІ. ОСЫ МІНДЕТТІҢ ИНЕРЦИЯСЫМЕН БҰҒАН ДЕЙІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН ӘРІ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛЫП КЕЛСЕ, БҰДАН БЫЛАЙ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БАРЛЫҒЫНА ЫСТЫҚ ТАМАҚ БЕРІЛУДЕ. ЕНДІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕПТЕРДІҢ 1-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ 100% ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ.

Бүгінде аудан бойынша 1-4 сыныпта оқитын 6398 оқушыға ыстық тамақ берілуде. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек қажет ететін отбасыларынан шыққан 1952 баланы қосқанда жалпы 8350 оқушы мемлекет тарапынан қаржыландырылып, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Тағам рационы Қазақ тағамтану академиясының Ұлттық салауатты тағамтану орталығы ұсынған «Мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттар» әдістемелік ұсынымдарына сәйкес перспективалық маусымдық төрт апталық мәзір жасалып, салауатты тағамдар дайындалып берілуде. Мәзірді әзірлеу кезінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мектептегі уақыты, жас ерекшелігі ескеріліп, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделген.
Мектеп аспазшылары бұрығысынша тендер арқылы анықталады. Әр мектептегі қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен тамақтану сапасын мониторингілеу бойынша комиссиялар құрылған.
Оқушылар мен ата-аналар бұл жаңалықты естіп қуануда. Ата-аналар балаларының тамағы тоқ болса, сабақ үлгерімінің де жақсы болатынын алға тартады.
– Бүгін No275 орта мектепте оқитын қызым асханадан тегін ыстық тамақ берілгенін айтып мәз боп келді. "Балаға қамқорлық – ел ертеңіне қамқорлық" демекші, балалардың өмірін жақсартып, лайықты және табысты болашаққа қол жеткізуге мүмкіндік беру мақсатында осы бір қамқорлықтың жүзеге асқаны аса қуантады. Өз кезегінде балалар да жасалған жақсылықты жауапсыз қалдырмайтынына сенімдімін. Бесігінде бес түлейтін балдырған – ертең ел туын желбіретер ер болады. Сол себепті ел ертеңіне қамқор болайық, – дейді ата-ана Аяжан Серікова.
А.САҒЫНТАЙ
22 қаңтар 2023 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031