» » Қызылорда облысында бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылды

Қызылорда облысында бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылды

Кешеден бастап аймағымыздың мектептерінде бастауыш сынып оқушыларының барлығына тегін ыстық тамақ берілуде.

Осыған дейін бір мезгіл тегін ыстық тамақ тек әлеуметтік жағдайына қарай берілген болса, енді мемлекеттік мектептердің 1-4 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылды. Бұл мүмкіндік облыстағы мемлекеттік білім беру ордаларындағы – 70 863 бастауыш сынып оқушыларына беріліп отыр. Сонымен қатар әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасында тәрбиеленетін 5-11 сыныптағы 17 382 оқушы да тегін тамақтанады.

- Бүгінгі күні бір мезгіл тамақтану құны орташа есеппен 557 теңгені құрайды. Осыған сәйкес, 1-4 сыныпта білім білім алатын 70 863 оқушы, 5-11 сыныпта қолдауды қажет етеін 17 382 бала, барлығы 88 245 бала тегін тамақпен қамтылуда. Бұл мақсатта бөлінген қаржы 7,6 млрд теңгені құрап отыр, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет.
Мектептерде перспективалық маусымдық екі апталық мәзір жасалған. Ас мәзірін әзірлеу барысында оқушылардың мектепте болу ұзақтығы және балалардың жас ерекшеліктері ескерілген. Сондай-ақ, мектептерде қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен тамақтану сапасын мониторингілеу бойынша комиссиялар құрылған.

Айта кетейік, тамақтардың сапасы сала мамандарының күнделікті органолептикалық бақылауынан өткізіліп отырылады.

©️Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
10 қаңтар 2023 ж. 623 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930